User manual


Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін
волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
Егер тоқ сым зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips
әкімшілік берген қызмет орталығында немесе соған тәріздес деңгейі бар маман ғана
ауыстыруы тиіс.
Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегі зақымдалса, құралды
қолданбаңыз.
Блендер ыдысын, диірмен шайқаушысын (тек ерекше түрлері), немесе шырын ыдысын (тек
ерекше түрлері) құралды қосу үшін қолдануға болмайды.
Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан
нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық
сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
Балаларды бақылап, олардың құралмен ойнамауын қадағалaңыз.
Пышақтың өткір жүзіне тиіп кетпеңіз, әсіресе аспап электр жүйесіне қосулы тұрған кезде.
Жүзі өте өткір!

Құралды жинар, бөлшектер, тазалар немесе кез келген бөлшектерін сәйкестендірер кезде,
міндетті түрде оны тоқ сымынан ажыратыңыз.
Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ
Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай
бөлшектерді немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің кепілдігіңіз
өз күшін жоғалтады.
Блендер ыдысындағы, диірмен шайқаушысындағы (тек ерекше түрлері) және шырын
ыдысындағы (тек ерекше түрлері) көрсетілген ең жоғарғы деңгейден аспаңыз.
Блендерді ингредиенттермен толтырған кезде, кестеде көрсетілген нормадан аспау керек,
сондай-ақ дайындау уақытын да сақтау қажет.


Құрал жұмыс жасап тұрғанда, банкіге саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салуға
болмайды.
Банкіні электроқозғалтқыш блогіне орнатудың алдында, пышақ бөлігі блендер банкісіне
берік бекітілгендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
Алмас бөлігінің кесу жүздерін, оны ұстап тұрғанда, немесе тазалап жатқанда ұстамаңыз.
Олар өте өткір, сондықтан сіз саусақтарыңызды кесіп алуыңыз мүмкін.
Пышақ тоқтап қалған жағдайда, пышаққа тұрып қалған ингредиенттерді алмас бұрын,
аспапты жүйеден ажыратыңыз.

Араластырғыш ыдысына температурасы 80ºC -тан жоғары ингредиенттерді салмаңыз.
Тасып кетуден сақ болу үшін, блендер банкісіне 1.5 литірден артық сұйықтық құймаңыз,
әсіресе егер сіз жоғары жылдамдықпен шайқап жатсаңыз. Егер сіз ыстық немесе
көбіктенетін сұйықтықтарды шайқап жатсаңыз, блендер банкісіне 1 литірден артық
сұйықтық құймаңыз.
Егер тамақ араластырғыш ыдысының жан-жағына тұрып қалса, құралды сөндіріп, тоқтан
суырыңыз. Тұрып қалған тамақты алып тастау үшін күрекшені қолданыңыз.
Құралды қосар алдында ыдыс қақпағы дұрыс жиналғандығын және қақпаққа өлшеу қасығы
дұрыс салынғандығын тексеріп алыңыз.
Тек HR2074 түрінде ғана: Банкі шыныдан жасалғандықтан, сынып қалуы мүмкін. Банкіні
қатты еденге түсіріп алмаңыз. Өте қатты термо-тандырмалардан да сақ болыңыз. Егер
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
56