Important Information Manual

4203 041 78561 A
Specications are subject to change without notice.
© 2019 Koninklijke Philips N.V.
All rights reserved.
HR2642, HR2644
HR2645
ҚАЗАҚ
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome веб-сайтында тіркеңіз.
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Электрқозғалтқыштың блогын суға немесе
басқа сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз немесе
оны ағынды судың астында жумаңыз. Мотор
бөлігін тазалау үшін тек дымқыл шүберекті
пайдаланыңыз.
Ескерту
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген
кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе
өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды
пайдаланбаңыз.
- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу
үшін, оны Philips, оның қызмет агенті немесе сол
сияқты кәсіби мамандар алмастыруы тиіс.
- Бұл құрылғыныбалаларға пайдалануға болмайды.
Құралды және оның сымын балалардың қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған
және құралды пайдалануға қатысты қауіп-
қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құрылғыны
физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі,
білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана
алады.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
- Балалардың блендерді қадағалаусыз
пайдалануына жол бермеңіз.
- Пышақтар бөлігінің кесетін жүздерін, әсіресе
құрал розеткаға жалғаулы тұрғанда ұстамаңыз.
Кесетін жүздері өте өткір.
- Стаканға ыстық сұйықтық құйғанда сақ болыңыз,
өйткені ыстық сұйықтық және бу күйіп қалуға
әкелуі мүмкін.
- Бұл құрылғы тек үйде әдеттегідей қолдануға
арналған. Ол, басқа жағдайда, соның
ішінде: дүкендердегі қызметкерлерге
арналған асүйлерде, кеңселерде, фермерлік
шаруашылықтарда және сондай басқа да
жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол
мейманханалардың, мотельдердің, қонақүйлердің
және сондай басқа да мекемелердің тұрғындары
тарапынан қолданылуға арналмаған.
- Турағыштың ыдысы болмаса, ешқашан
турағыштың пышағын қолданбаңыз.
- Шашырандылар пайда болмас үшін,
құрылғыны қосудың алдында, әсіресе ыстық
ингредиенттермен жұмыс істеген кезде, блендер
бұлғауышын, ұрғышы (белгілі бір типтері ғана)
немесе қос ұрғышы (белгілі бір типтері ғана) бар
блендерді әрқашан ингредиенттерге батырыңыз.
- Егер пышақ тұрып қалса, пышақ бөлігін
бітеп қалған азық-түліктерді алу үшін алдымен
құрылғыны ток көзінен суырыңыз.
- Мұз кесектері сияқты қатты заттарды
жабдықпен өңдемеңіз.
- Аксессуарларды ауыстырудың немесе
қозғалмалы бөліктерге жақындаудың алдында
құрылғыны әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
- Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа
тиетін бөлшектерді жақсылап тазалаңыз. Осы
пайдаланушы нұсқаулықтағы нұсқауларды
қараңыз.
Ескерту
- Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу,
сақтау және тазалау алдында әрқашан құралды
желіден ажыратыңыз.
- Құрылғыны кез келген керек-жарақтармен бірге
3 минуттан артық уақыт бойы үздіксіз
қолданбаңыз. Өңдеуді жалғастырмас бұрын,
құралды 15 минут суытып алыңыз.
- Қосалқы құралдардың ешқайсысы
микротолқынды пеште пайдалануға жарамды
емес.
- Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және
шаңнан аулақ ұстаңыз.
- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілген арнайы мақсатта қолданыңыз.
- Стаканды немесе ірі турағыш ыдысын (белгілі
бір типтері ғана) ешқашан 80°C/175°F-тан ыстық
ингредиенттермен толтырмаңыз.
- Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау
уақытынан асырмаңыз.
- Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips
компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы құралдар
мен бөлшектерді пайдаланбаңыз. Ондай қосалқы
құралдар мен бөлшектерді пайдалансаңыз,
кепілдік өз күшін жояды.
- Блендер сояуышының пышақ блогын ағынды
сумен жуыңыз. Қуат блогын ешқашан суға
батырмаңыз.
- Тазартқан соң, блендер сояуышын кептіріңіз.
Көлденең күйде немесе пышақтарын жоғары
қаратып сақтаңыз.
- Шу деңгейі: Lc = 85 dB(A)
Шүріппелі қосқыш
Бұл аспап шүріппелі қосқышпен жабдықталған. Неғұрлым терең бассаңыз,
жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Төмен жылдамдық (1), орта жылдамдық (2), жоғары жылдамдық (3) ( 1-сурет).
Рецептілер
Ыстық таңқураймен ванильді балмұздақ
Бұл рецептті XL турағышпен дайындауға болады. XL турағышы осы
сұрыптамадағы әрбір үлгіге арналған стандартты жиынтықтамаға кірмейді,
бірақ оны қосымша құрал-сайман ретінде тапсырысқа беруге болады. «Құрал-
саймандарды тапсыру» бөлімін қар.
115 г бал
120 г ванильді балмұздақ
115 г таңқурай
1. Балды тоңазытқышқа 3°C температурада бірнеше сағатқа қойып
салқындатыңыз.
2. XL пышағын турағыштың XL тостағанына орнатыңыз, балды тостағанға
салыңыз.
3. Ванильді балмұздақты турағыштың XL тостағанына салыңыз және
тостағанды тоңазытқышқа (-18°C) 15 минутке қойыңыз.
4. Таңқурайды кәстрөлде асүй плитасында жылытыңыз.
5. Тоңазытқыштан турағыштың XL тостағанын алыңыз да ыстық таңқурайды
балмұздақ үстіне салыңыз.
6. XL тостағанды қақпақпен жабыңыз, электрқозғалтқыш блогының қақпағының
үстіне қойыңыз.
7. Ең жоғары жылдамдыққа жету үшін триггер қосқышты барғанынша басыңыз
және майдалағышты осы жылдамдықта 5 секунд бойы жұмыс істетіңіз.
Қол блендері
Өндіруші: «Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.», Туссендиепен 4, 9206
АД,
Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы:
«ФИЛИПС» ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы,
Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111
HR2642; HR2644; 2645
220-240 B; 50–60 Гц; 600-700 Вт
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
Қытайда жасалған
ІІ қауіпсіздік класы
Егер басқа материал ретінде белгіленбесе, жәшік ішіндегі
барлық бума материалдары қайта өңделмелі қағаздан жасалады; жәшік
сыртынан PAP белгісін қараңыз.
Шарттары сақтау жұмыс
Температура
-20 +60°C +10 +40°C
Салыстырмалы ылғалдылық
10% 95%
Атмосфералық қысым
70 110 kPa
1

Summary of content (2 pages)