operation manual

55
Қазақша
KK
Әр партияны өңдегеннен
кейін құрылғыны бөлме
температурасына дейін
суытып алып отырыңыз.
Стакан ыдысын ыдыс жуғыш
машинадан алған немесе
тоңазытқыштан шығарған
бойда пайдаланбаңыз.
5 минут бөлме
температурасында жылытып
алыңыз.
Шу деңгейі: Lc = 86 дБ (A)
Турағыш
Ескерту
Турағышты мотор блогына
орнатар алдында, жалғағыш
бөлікті турағыш ыдысына
мықтап бекітілгенін
тексеріңіз.
Ұстап тұрғанда немесе
тазалап жатқанда,
турағыштың пышақ блогының
жүздерін ұстамаңыз. Олар
өте өткір, сондықтан сіз
саусақтарыңызды оңай кесіп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғы жұмыс жасап
тұрғанда ешқшан ұсақтағыш
ыдысқа саусақтарыңызды
немесе басқа заттарды
салмаңыз.
Абайлаңыз
Пайдалану алдында
«Пайдаланушы
нұсқаулығынан» тазалау
ресімін оқыңыз.
Блендер ыдысына 80 °C-тан
ыстық азық салмаңыз.
Тасып кетуден сақ болу
үшін блендер құмырасына
1,5 литрден артық сұйықтық
құймаңыз, әсіресе жоғары
жылдамдықпен шайқап
жатқанда. Егер сіз ыстық
немесе көбіктенетін
сұйықтықтарды шайқап
жатсаңыз, блендер ыдысына
1,25 литрден артық сұйықтық
құймаңыз.
Тамақ блендер құмырасының
қабырғасына жабысып қалса,
құралды өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз. Жабысып
қалған азықты күрекшемен
алып тастаңыз.
Құралды қосар алдында
ыдыс қақпағы дұрыс
жиналғандығын және
қақпаққа өлшеу қасығы дұрыс
салынғандығын тексеріп
алыңыз.
Әр қосқан сайын құрылғыны
2 минуттан артық
қолданбаңыз.