User manual

10
Токқа қосылып тұрғанда ешқашан блендер
құмырасын немесе стақанды мотор бөлігіне
жинамаңыз немесе бөлшектемеңіз.
Бұл құрылғы тек үйде қолдануға жасалған.
Пайдалану алдында «Пайдаланушы
нұсқаулығынан» тазалау рәсімін оқыңыз.
Блендерді ішінде ешбір затсыз 30 секундтан аса
пайдаланбаңыз. Бұл қызып кетуіне әкелуі мүмкін.
Құрылғының қадағалаусыз істеп тұруына жол
бермеңіз.
Ескерту
Жылуды қосу/өшіру түймесін байқаусызда
бастапқы қалпына келтіру нәтижесінде орын
алатын қауіпті жағдайды болдырмау үшін, бұл
құрылғыға таймер сияқты сырттай қосылатын
құрылғы жалғанбауы керек және оны өшіріліп-
қосылатын электр желісіне жалғамаған жөн.
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips
компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы құралдар
мен бөлшектерді пайдаланбаңыз. Мұндай
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді
пайдалансаңыз, кепілдік өз күшін жояды.
Блендер құмырасында көрсетілген ең жоғарғы
көлем көрсеткішінен аспаңыз.
Рецепт кестесінде көрсетілген ең жоғарғы
мөлшер мен дайындау уақытынан аспаңыз.
Тамақ блендер құмырасының қабырғасына
жабысып қалса, құрылғыны өшіріп, розеткадан
ажыратыңыз. Жабысып қалған азықты
күрекшемен алып тастаңыз.
Блендер құмырасына 80˚C-тан ыстық
ингредиенттер салмаңыз.
Шу деңгейі: Lc =83 дБ(А).
Блендер
Абайлаңыз
Құрылғы жұмыс жасап тұрғанда, банкіге
саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салуға
болмайды.
Ескерту
Ағып кетудің алдын алу үшін, блендер
ыдысының максималды сыйымдылығынан көп
сұйықтық құймаңыз. Ыстық сұйықтықты немесе
көпіруі мүмкін ингредиенттерді пайдаланған
кезде блендер құмырасына 1,8 литрден артық
сұйықтық құймаңыз.
Құрылғыны 3минуттан артық үздіксіз жұмыс
жасатпаңыз. Шайқауды жалғастырар алдында
құрылғыны бөлме температурасына дейін
суытып алыңыз.
Құрылғыны қосар алдында ыдыс қақпағы дұрыс
жиналғандығын және қақпаққа өлшеу қасығы
дұрыс салынғандығын тексеріп алыңыз.
Құмыраны ыдыс жуғыш машинадан немесе
тоңазытқыштан шығарғаннан кейін бірден
пайдаланбаңыз. Пайдаланбастан бұрын оны
бөлме температурасында кемінде 5 минут
қойыңыз.
1 Маңызды
Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Абайлаңыз
Құрал қуат көзіне қосылып тұрған кезде
пышақтардың өткір жүзін ұстамаңыз. Егер
пышақтарға тамақ тұрып қалса, пышаққа
тұрып қалған ингредиенттерді алып тастамас
бұрын, құралды ток көзінен ажыратыңыз. Өткір
кесетін пышақтарды қолданғанда, құмыраны
босатқанда және тазалау барысында абай
болың.
Мына әрекеттерді орындамас бұрын,
құрылғыны өшіріп, ток көзінен ажыратыңыз:
Оны тұғырдан алғанда, қосалқы құралдарды
өзгерткенде немесе пайдаланғанда
қозғалатын бөліктерді ұстағанда;
Оны жинағанда, бөлшектегенде немесе
тазалағанда;
Қадағалаусыз қалғанда.
Құрылғыны тазалау.
Пышақ тоқтап қалған жағдайда, пышаққа
тұрып қалған ингредиенттерді алмас бұрын,
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз
Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтыққа
батырмаңыз.
Құрылғыны қоспас бұрын, онда көрсетілген
кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
Қуат сымы, ашасы, қорғаныш қақпағы,
айналмалы сүзгісі немесе кез келген басқа
бөліктері зақымдалған болса немесе оларда
көрінетін сызаттар болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қуат сымы зақымдалған
болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны
тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған
жөндеу орталығында немесе білікті мамандар
ауыстыру керек.
Құрылғыны пайдаланар алдында пышақтың
мықтап бекітілгенін және қақпақтың блендер
құмырасына дұрыс жиналғанын тексеріңіз.
Бұл құрылғыны балаларға пайдалануға
болмайды. Құрылғыны және оның сымын
балалардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған
және құрылғыны пайдалануға қатысты
қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы
құрылғыны физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз
адамдар пайдалана алады.
Балаларды бақылап, олардың құрылғымен
ойнамауын қадағалаңыз.
Блендерге ыстық сұйықтық құйылса, абай
болыңыз, себебі буға байланысты ол
құрылғыдан сыртқа шығуы мүмкін.