User Manual

Table Of Contents
465
Қазақша
Ескертпе: Щеткамен тазалау циклін бастағаннан кейін
қосу/өшіру түймесін бассаңыз, тіс щеткасы уақытша
тоқтатылады. 30 секундтық кідірістен кейін SmarTimer
қалпына келеді.
Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру
Тіс щеткасының келесі мүмкіндіктерін белсендіруге
немесе өшіруге болады:
- EasyStart
- Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
- Қысым датчигі
Осы мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру үшін,
төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
EasyStart
1
Сапты розеткаға қосылған зарядтағышқа қойыңыз.
2
Сап зарядтағышта болған кезде, қуат қосу/өшіру
түймесін басып тұрыңыз.
3
Бір рет қысқа дыбыстық сигнал естілгенше (3
секундтан кейін), қуат қосу/өшіру түймесін басып
тұрыңыз.
4
Қуат қосу/өшіру түймесін босатыңыз.
- Төмен-орташа-жоғары деңгейде үш рет шыққан
дыбыс EasyStart мүмкіндігінің іске қосылғанын
білдіреді. Батарея деңгейінің индикатор шамы да
іске қосуды растау үшін 2 рет жасыл болып
жыпылықтайды.
- Жоғары-орташа-төмен деңгейде үші рет шыққан
дыбыс EasyStart мүмкіндігінің өшірілгенін білдіреді.
Батарея деңгейінің индикатор шамы өшіруді растау
үшін 1 рет сары болып жыпылықтайды.
Ескертпе: Емханалық тиімділікке қол жеткізу үшін
EasyStart мүмкіндігін өшіру керек.
Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
Ескертпе: Смарт щетка саптамасы сабына
қосылғанда, щетка саптамасын ауыстыру еске
салғышын ғана қосуға немесе өшіруге болады.