User manual

Ескертпе. бүкіл ауыз қуысын тазалау үшін, ауызды
Quadpacer мүмкіндігін пайдаланып 4 бөлікке бөліңіз
(«Мүмкіндіктер» тарауын қараңыз).
6 Әр бөлікті 30 секунд бойы тазалаңыз,
жалпы щеткамен тазалау уақыты 2 минут
болуы керек. 1-бөлігінен (жоғарғы тістердің
сыртын) бастаңыз, содан кейін 2-бөлігін
(тістердің ішін) щеткамен тазалаңыз.
3-бөлігінде (төменгі тістердің сыртын)
жалғастырыңыз да, соңында 4-бөлігін
(төменгі тістердің ішін) щеткамен тазалаңыз.
7 щеткамен тазалау циклін аяқтағаннан
кейін, қалған уақытты тістердің шайнау
беттерін және дақтар пайда болатын
аймақтарды щеткамен тазалауға жұмсауға
болады. Сондай-ақ, қаласаңыз, щетка қосулы
немесе өшірулі кезде щеткамен тілді
тазалауға болады.
Sonicare щеткасын мына жағдайларда қауіпсіз
пайдалануға болады:
- Тіс түзегіш пластиналар (тіс түзегіш
пластиналарға қолданғанда щетка бастары
тезірек тозады)
- Тіс қалпына келтіргіштері (пломбалар,
коронкалар, венирлер)
Ескертпе. Қуатты қосу/өшіру түймесін 2
секундтай басып тұру арқылы щетканы кез келген
уақытта қосуға немесе өшіруге болады.
Тазарту және ағарту режимінде
щеткамен тазалау нұсқаулары
Тазарту және ағарту режимінде ауыз қуысын түгел
тазартуға арналған 2 минуттық Тазарту режимі
мен көрінетін алдыңғы тістерге арналған қосымша
30 секундтық Ағарту режимі қамтылған.
ҚАЗАҚША114
4235_020_7376_1_DFU luxury booklet_A6_v3.indd 114 08/04/14 09:13