User manual

Table Of Contents
722
Қазақша
Ескертпе: Әр түрлі модельдердің мүмкіндіктері әр
түрлі болуы мүмкін. Кейбір модельдер Bluetooth
немесе NFC функциясымен жабдықталмауы мүмкін.
Өнімде келесі таңбалар көрінуі мүмкін:
Пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Алынбалы қуат көзінің бөлшегі:«xxxxxx» таңбасы
пайдалануға расталған зарядтағыштардың моделін
білдіреді. (TCBxxxx, HX6100, HX6110, HX6160 немесе
WAAxxxx)
Мақсатты пайдалану
ProtectiveClean электр тіс щеткалары тістің бұзылуын
азайту және ауыз саулығын жақсарту үшін тістерден
жабысқақ дақтар мен тағам қалдығын жоюға
арналған. ProtectiveClean электр тіс щеткалары жеке
қолданысқа арналған. Балалар үнемі ересек адамның
қадағалауымен пайдалануы керек.
Philips Sonicare (1-сурет)
1 Сап
2 Қуатты қосу/өшіру түймесі
3 Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
4 Батарея индикаторы
Аксессуарлар:
5 Щетка саптамасының қақпағы
6 Смарт щетка бас(тар)ын анықтау
7 Зарядтау қондырғысы
8 Жол қалтасы
9 УК дезинфектор және зарядтағыш
Ескертпе: Сатып алынған үлгіге байланысты
қамтылған аксессуарлар өзгеше болуы мүмкін.