User manual

- Бұл құралда жөнделетін бөлшектер жоқ.
Құрал зақымдалған болса, еліңіздегі
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз
(«Кепілдік және қолдау» тарауын қараңыз).
- Зарядтағышты далада немесе қызған беттердің
жанында пайдаланбаңыз.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы
балалар және физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеттері шектеулі, не болмаса тәжірибесі және
білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны
қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және
байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана
алады. Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
8 жасқа толмаған балалар тазалауды және күтуді
қадағалаусыз орындамауы керек.
Абайлаңыз
- Егер сіз жақында ауыз қуысына немесе тіс етіне
операция жасаған болсаңыз, тісіңіз үздіксіз
ауыратын болса немесе 2 ай шамасында тісіңізді
емдеткен болсаңыз, осы құралды қолданар
алдында тіс дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Егер осы құралды қолданған соң шамадан тыс
қанаса немесе 1 апта пайдаланған соң қанау
жалғаса берсе, тіс дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Егер сізде медициналық проблемалар болса,
осы құралды пайдаланар алдында дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
ҚАЗАҚША54