User manual

7 УКжарықшамынқайтасалыңыз.
Жарық шамын қайта салу үшін жарық шамының төменгі жағын металл
қысқышпен туралаңыз және шамды қысқышқа кіргізіңіз.
8 Қорғағышэкрандықайтасалыңыз.
Экранды қайта салу үшін экрандағы ілгектерді УК жарық шамының
жанындағы шағылыстырғыш беттегі ойықтарға туралаңыз. Экранды
дезинфектордағы тесіктерге түзу кіргізіңіз.
Сақтау
Егер құралды ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, ашаны қабырға
розеткасынан суырыңыз. Содан кейін құралды тазалаңыз және салқын
әрі құрғақ орында, күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз. Ток
сымын ұқыпты сақтау үшін сым орағышты пайдалануға болады.
Ауыстыру
Щетка басы
Нәтижелер оңтайлы болу үшін, Sonicare щетка бастарын 3 ай сайын
ауыстырып тұрыңыз.
Тек түпнұсқалы Philips Sonicare ауыстыратын щетка бастарын пайдаланыңыз.
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,
www.shop.philips.com/service сайтына кіріңіз немесе Philips
дилеріне барыңыз. Сондай-ақ, еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік
кепілдік парақшасынан қараңыз).
Өңдеу
- Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/EU еуропалық директивасы
арқылы қамтылатынын білдіреді (Cурет 19).
- Бұл таңба өнімді 2006/66/EC еуропалық директивасымен қамтылған,
қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге қоқысқа лақтыруға болмайтын
кірістірілген зарядталмалы батареяны қамтиды. Батареяны алу үшін
«Зарядталмалы батареяны алу» бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз
(Cурет 20).
ҚАЗАҚША106