User manual

ҚАЗАҚША94
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды
судан алыс ұстаңыз. Оны су бар ваннадағы,
душ кабинасындағы, шұңғылшадағы, т.б. үстіне
немесе жанына қоймаңыз не сақтамаңыз.
Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды суға
немесе кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
Тазалағаннан кейін, қуат көзіне қоспай тұрып
зарядтағыштың және/немесе дезинфектордың
толығымен құрғағанын тексеріңіз.
Абайлаңыз!
- Ток сымын ауыстыруға болмайды. Егер ток
сымы зақымдалса, зарядтағышты және/немесе
дезинфекторды тастау керек.
- Қауіпті болдырмау үшін әрқашан зарядтағышты
және/немесе дезинфекторды бастапқы түріне
жататынымен ауыстырыңыз.