User manual

- Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды
сыртта немесе қызып тұрған беттердің жанында
пайдалануға болмайды. Дезинфекторды
аэрозольдық (спрей) өнімдер пайдаланылатын
немесе оттегі реттелетін жерде пайдалануға
болмайды.
- Құрылғы 100 - 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен
жұмыс жасай береді.
- Құрылғы қандай да бір жолмен зақымдалса
(щетка басы, тіс щеткасының сабы, зарядтағыш
және/немесе дезинфектор), оны қолдануды
тоқтатыңыз. Бұл құрал құрамында пайдаланушы
жөндей алатын бөлшектер жоқ. Егер құрал
зақымдалса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз («Кепілдік пен
қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы
балалар және физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеттері шектеулі, не болмаса тәжірибесі
және білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе
құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты
нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді
түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар
құрылғымен ойнамауы керек. 8 жасқа толмаған
балалар тазалауды және күтуді қадағалаусыз
орындамауы керек.
ҚАЗАҚША 95