User manual

- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді
тазалауға арналған. Қандай да бір басқа мақсатта
қолдануға болмайды. Қолайсыздық немесе
ауырсыну сезінсеңіз, құрылғыны қолдануды
тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз.
- Sonicare тіс щеткасы — жеке күтім құрылғысы
және стоматологиялық жұмыста немесе
мекемеде көптеген емделушілерге қолдануға
арналмаған.
- Қылшықтары жаншылған немесе майысқан
щетка басын қолданбаңыз. Щетка басын 3 ай
сайын немесе тозу белгілері байқалса, одан да
ертерек ауыстырыңыз.
- Өндірушінің ұсынған щетка басынан басқа
щетка бастарын қолдануға болмайды.
- Егер тіс пастаңызда пероксид, ас немесе екі көмір
қышқылды содасы (ағартатын тіс пасталарында
көбіне кездеседі) болса, щетка басын әрбір
пайдаланған соң сабындап, сумен мұқият
тазалаңыз. Бұл пластиктің шытынауынан қорғайды.
- Дезинфектордың ауа тесіктеріне заттар
салмаңыз немесе бұл ауа тесіктерін жұмсақ
бетке не болмаса заттар осы тесіктерді жабуы
мүмкін қалыпқа немесе орынға қоймаңыз
(мысалы, журнал, салфетка және шаш).
- УК жарық шамы дезинфекциялау циклінің
кезінде және тура одан кейін ыстық болады.
Ыстық кезінде УК жарық шамын ұстамаңыз.
ҚАЗАҚША 97