operation manual

Қазақша
306
Қазақша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және
Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында немесе Philips
Sonicare қолданбасында тіркеңіз.
Ескерту
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Зарядтағышты судан алшақ ұстаңыз.
- Өнімді ваннаға немесе шұңғылшаға құлауы немесе
тартылуы мүмкін жерге қоймаңыз немесе
сақтамаңыз.
Абайлаңыз
- Ток сымын ауыстыруға болмайды. Егер ток сымы
зақымдалса, зарядтағышты тастаңыз.
- Қауіпті болдырмау үшін әрқашан зарядтағышты
бастапқы түріне жататынымен ауыстырыңыз.
- Зарядтағышты далада немесе қызған беттердің
жанында пайдаланбаңыз.
- Құрылғы қандайда бір жолмен зақымдалса (щетка
басы, сабы немесе зарядтағыш), оны пайдалануды
тоқтатыңыз. Бұл құралда жөнделетін бөлшектер
жоқ. Құрал зақымдалған болса, еліңіздегі
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз
("Кепілдік және қолдау" тарауын қараңыз).