User Guide

Table Of Contents
767
Қазақша
- Бұл құрылғыда пайдаланушы қызмет көрсететін
бөлшектер жоқ. Құрылғы зақымдалған болса, оны
пайдалануды тоқтатып, еліңіздегі тұтынушыларға
қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. Электр
сымы зақымдалса, зарядтағышты жаңасымен
ауыстырыңыз.
- Зарядтау қондырғысын және/немесе зарядтау жол
сөмкесін сыртта немесе қыздыру беттерінің
маңында қолданбаңыз.
- Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада
жууға болмайды.
- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді
тазалауға арналған.
- Қылшықтары жаншылған немесе майысқан щетка
басын қолданбаңыз. Щетка басын 3 ай сайын
немесе тозу белгілері байқалса, одан да ертерек
ауыстырыңыз.
- Құрамында эфирлік май немесе кокос майы бар
өнімдерді тікелей ұстауға болмайды. Байланыс
қылшықтардың бөлінуіне әкелуі мүмкін.
- Пайдаланғаннан кейін көп қан ақса, 1 апта
пайдаланғаннан кейін де тістің қанауы тоқтамаса
немесе қолайсыздық немесе ауырсыну сезілсе,
құрылғы қолданысын тоқтатып, тіс дәрігеріне
хабарласыңыз.
- Осы құрылғыны қолданар алдында, егер сіз 2 ай
шамасында жақ сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне
операция жасаған болсаңыз, дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
- Егер сізде кардиостимулятор немесе басқа
импланттық құрылғы болса, пайдаланар алдында
дәрігеріңізге немесе импланттық құрылғының
өндірушісіне хабарласыңыз.
- Егер сізде медициналық проблемалар болса, осы
құралды пайдаланар алдында дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
- Бұл құрылғы — жеке күтім құрылғысы және
стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көп
емделушілерге қолдануға арналмаған.