User Guide

Table Of Contents
781
Қазақша
Зарядтау және батарея күйі
Бұл Philips Sonicare тіс щеткасы толығымен
зарядталған батареяда әрқайсысы 2 минуттай
болатын кемінде 28 тазалау мүмкіндігімен
қамтамасыз етеді (егер күніне екі рет пайдаланылса,
14 күнге жетеді). Батарея индикаторы 2 минуттық
тазалау сеансын аяқтаған кездегі, тіс щеткасын
кідірткендегі немесе ол зарядталып жатқан кездегі
батареяның күйін көрсетеді.
Ескертпе: Алғаш пайдалану алдында батареяны
толық зарядтауға 24 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін,
бірақ Philips Sonicare тіс щеткасын толық зарядтамай
тұрып пайдалануға болады.
Зарядтау
Зарядтау тұғырында зарядтау
1
Зарядтау негізінің сымын электр розеткасына
салыңыз.
2
Зарядтау негізінде зарядтау тұғырын немесе
зарядтау шынысын қойыңыз.
3
Сапты зарядтау тұғырына немесе зарядтау
шынысына қойыңыз.
- Батарея индикаторы жанса, сабынан дыбыстық
сигнал екі рет шығады. Бұл — тіс щеткасы
зарядталып жатқанын көрсетеді.
4
Зарядтағыш тіс щеткасы толығымен
зарядталғанша зарядтайды.
Батарея индикаторы жыпылықтаса, сап зарядталып
жатыр. Сап толығымен зарядталса, батарея
индикаторы 30 секунд жанып, өшеді.
Жол сөмкесімен зарядтау
Ескертпе: Сатып алынған үлгіге байланысты
қамтылған аксессуарлар өзгеше болуы мүмкін.
1
Зарядтау жол сөмкесінің астынан USB кабелін
алыңыз.
2
Зарядтау жол сөмкесін USB кабелі арқылы 5 В
тұрақты ток кіріс қуатына жалғаңыз: