Specifications

61
3 рет жыпылықтайды да, аз уақыт жасыл түс жанады. Енді
түймені жіберуге болады. Біріктірілген шамдар басқару
құралында соңғы қойылған түспен жанады.
- Осы қадамдарды әрбір біріктіру қажет LivingColors шамымен
орындаңыз.
- LivingColors шамын қайта жеке пайдалану үшін, оны басқа
басқару құралына жоғарыда суреттелген әдіспен қосыңыз.
2. Сонымен қатар, бір ғана LivingColors шамын бірнеше
басқару құралымен басқаруға болады. Ол үшін алдымен
басқару құралдарының біреуін «0» және ( ) түймелерін бірге
5 секунд басып ұстап тұру арқылы бастапқы қалпына қайта
келтіріңіз. Сосын екі қашықтан басқару құралын бір-біріне
жақын ұстап, екеуіндегі «I» түймесін 7 секунд басып тұрыңыз.
Енді жаңа басқару құралын LivingColors шамына жоғарыда
суреттелген әдіспен қосуға болады.
Ақаулықтарды жою:
Ақаулық Мүмкін себептер Шешімі
LivingColors шамы
жарық бермейді
Шам ток көзіне дұрыс қосылмаған. Тоқ сымының шамға жалғанғанын тексеріңіз.
Ашаның ток көзіне дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Басқару құралы жұмыс істемеуі мүмкін. Келесі бөлімді оқыңыз.
LivingColors шамы
басқару құралымен
басқарылмайды.
Басқару құралы жұмыс істемеуі мүмкін. Басқару құралының ішіндегі батареяларды тексеріңіз.
Батареялар дұрыс орнатылған (+ және -) және
зарядталған болуы керек. Басқару құралы әлі де жұмыс
істемесе, батареялардың орнын алмастырып көріңіз.
Мүмкін басқару құралы шамға
байланыстырылмаған болар.
Оны LivingColors шамына байланыстыру үшін келесі
әрекеттер тәртібін орындаңыз: «2. LivingColors
шамдарын біріктіру»
Мүмкін сымсыз ақпарат желісі шамадан
тыс жүктелген болар (мысалы, сымсыз
маршрутизатор)
LivingColors шамын сымсыз жүйеге қосылу нүктесінен
алшақ қойыңыз.
Осы басқару құралына байланыстырылған LivingColors
шамдарының барлығы қосылып тұрғанын тексеріңіз,
әйтпесе бұл әрекеттен кейін олар құралмен
басқарылмайды.
Басқа каналға ауысу үшін «0» және ( ) түймелерін
кем дегенде 5 секунд бірге басып ұстап тұрыңыз
(LivingColors шамдарының барлығы растау белгісі
ретінде жасыл түспен жыпылықтайды). Бұл әрекетті 3
рет қайталауға болады, мұны әр түрлі жерден орындаған
дұрыс.
Бірнеше
LivingColors
шамдарын біріктіру
жүзеге аспады.
Мүмкін «I» түймесі қажетінше ұзақ
басылмаған болар.
Келесі әрекеттер тәртібін қайта орындаңыз: «2.
LivingColors шамдарын біріктіру». Егер де ол
сәтті жалғанған болса, шам жасыл түспен жарқ
етеді, ал біріктіру сәтті болмаса, ол жасыл түспен
жыпылықтамастан, бірден алдындағы реттеу қалпына
қайта келеді.
Мүмкін LivingColors шамдары бөлек
нұсқаларға жататын болар.
Біріктіре алмай тұрған шамдардың астында және
басқару құралының артында «G2» белгісінің бар екеніне
көз жеткізіңіз. Егер шамдардың біреуінде бұл белгі
болмаса, ол ондай белгісі бар шамға біріктіріле алмайды
(бірақ G2 белгісі жоқ басқа шамдарға біріктірілуі әбден
мүмкін).
Түсті автоматты
түрде алмастыру
режимін қоса
алмадым.
Мүмкін дөңгелекті қозғалту әрекеті
дұрыс болмаған шығар.
Егер түс басқа (тұрақты режим) түске алмасып, бірақ
түстердің ауысу жүйесі қосылмаса, онда дөңгелек
бойымен жүргізу әрекеті дұрыс орындалмаған болуы
мүмкін, қайта орындап көріңіз.
LivingColors шамы
әлі де стандартқа
сәйкес қызмет
көрсетпейді
Басқа ақаулықтар Philips жарық байланыс орталығымен байланысыңыз
(сонымен қатар, Кепілдік және қызмет тармағын оқыңыз)
- Екі (немесе одан артық) басқару құралына қосылған
LivingColors шамдары олардың кез-келгенімен басқарыла
алады.
- Басқару құралын LivingColors шамынан ажырату үшін, оны
шамға жақындатып, «0» түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
LivingColors шамы 3 рет жыпылықтайды. «0» түймесін
ұзағырақ басып тұрыңыз, шам біраздан кейін сөнеді. Енді
басқару пульті мен LivingColors шамы ажыратылған.
3.Таймермен сәйкестендіру
LivingColors шамын таймермен пайдалануға болады (жинақта
кірмейді). LivingColors шамы таймермен қосылып тұрғанда,
ол соңғы реттеуді көрсетеді (тұрақты немесе түсті автоматты
түрде алмастыру режимі)
MA0 000 021.indd 61 2009-08-13 10:20:51