operation manual

9KK
3 Жұмысты
бастау
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Динамиктерді қосу
Ескертпе
Әрбір динамик сымының жалаңаш бөлігін ұяшыққа
толықтай енгізіңіз.
Жақсырақ дыбыс сапасы үшін тек жинақпен берілген
динамиктерді пайдаланыңыз.
Кедергісі жинақтағы динамиктермен бірдей немесе
жоғарырақ динамиктерді ғана пайдаланыңыз (осы
нұсқаулықтың «Техникалық сипаттамалар» бөлімін
қараңыз).
1 Оң жақ динамик үшін негізгі бөлікте
«RIGHT» (ОҢ) деп белгіленген
ұяшықтарды табыңыз.
2 Қызыл сымды қызыл (+) ұяшыққа, қара
сымды қара (-) ұяшыққа салыңыз.
3 Сол жақ динамик үшін негізгі бөлікте
«LEFT» (СОЛ) деп белгіленген
ұяшықтарды табыңыз.
4 Сол жақ динамик сымын қосу үшін
2-қадамды қайталаңыз.
Әр динамик сымын қосу үшін:
1 Ұяшық қақпағын төмен басып тұрыңыз.
2 Динамик сымын толығымен салыңыз.
3 Ұяшық қақпағын жіберіңіз.
Қуатты қосу
Ескерту
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі шағын
жүйенің артқы жағында басылған кернеуге сәйкес
екенін тексеріңіз.
АТ қуат сымын жалғау алдында барлық басқа
жалғаулардың аяқталғанын тексеріңіз.
АТ қуат сымын розеткаға қосыңыз.