operation manual

12 KK
Жолдарды бағдарламалау.
Ықшам диск режимінде ең көбі 20 әуенге
дейін бағдарламалауға болады.
1 Ешбір әуен көрсетілмесе, бағдарламалау
режимін белсендіру үшін PROG түймесін
басыңыз.
» [PROG] (бағдарлама) дисплейде
жыпылықтайды.
2 Жол нөмірін таңдау үшін, / түймесін
басыңыз да, растау үшін, PROG түймесін
басыңыз.
3 Қосымша әуендерді бағдарламалау үшін
2-қадамды қайталаңыз.
4 Бағдарламаланған жолдарды ойнату үшін
түймесін басыңыз.
» Ойнап тұрғанда [PROG]
(бағдарлама) дисплейге шығады.
Бағдарламаны өшіру үшін
түймесін
екі рет басыңыз.
Ойнату ақпаратын көрсету
Ойнату кезінде басқа ойнату ақпаратын көру
үшін CLOCK/DISPLAY түймесін қайталап
басыңыз.
Кассетаны ойнату
1 Таспа көзін таңдау үшін TAPE түймесін
басыңыз.
2 Алдыңғы панельде кассета түймесінің
қақпағын ашу үшін PULL TO OPEN
орнында тартыңыз.
3 Таспа есігін ашу үшін түймесін
басыңыз.
4 Кассетаны ашық жағын төмен қаратып
салыңыз да, кассета есігін жабыңыз.
5 Ойнатуды бастау үшін түймесін
басыңыз.
Кассетаны ойнатуды кідірту немесе
жалғастыру үшін
түймесін басыңыз.
Кассетаны ойнатуды тоқтату үшін
түймесін басыңыз.
Кассетаны жылдам артқа айналдыру
немесе алға айналдыру үшін
/
түймесін басыңыз.
PULL TO OPEN