operation manual

14 KK
5 Радио тыңдау
FM/AM радиостанциясын
реттеңіз.
Кеңес
Жақсырақ қабылдау үшін, антеннаны толық шығарып,
орнын дұрыстаңыз.
1 Радио көзін таңдау үшін TUN түймесін
басыңыз.
2 Жиілік өзгере бастағанша /
түймесін басып тұрыңыз.
» [SEARCH] (іздеу) дисплейге шығады.
» Радио күшті қабылдау сигналы
бар станцияға автоматты түрде
реттеледі.
3 Көбірек станцияларды реттеу үшін
2-қадамды қайталаңыз.
Әлсіз сигналы бар станцияға реттеу
үшін жақсырақ қабылдауды тапқанша,
/ түймесін қайталап басыңыз.
Радио станцияларды
автоматты түрде
бағдарламалау
Ескертпе
Ең көбі 40 сақтаулы радиостансаны бағдарламалай
аласыз.
Тюнер режимінде автоматты
бағдарламалауды белсендіру үшін PROG
түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
» [AUTO] (автоматты) көрсетіледі.
» Барлық қол жетімді станциялар
толқын жиілігін қабылдау сигналының
күшінің ретімен бағдарламаланады.
» Бірінші бағдарламаланған радио
станция автоматты түрде
таратылады.
Радио станцияларды
қолмен бағдарламалау
Ескертпе
Ең көбі 40 сақтаулы радиостансаны бағдарламалай
аласыз.
Бағдарламаланған радиостанцияны қайта жазу үшін
оның орнына басқа станцияны сақтаңыз.
1 Радиостансаны реттеу.
2 Бағдарламаға енгізуді іске қосу үшін
PROG түймесін басыңыз.
» [PROG] дисплейде жыпылықтайды.
3 Осы радио станцияға нөмір беру үшін
PRESET +/- түймесін басыңыз, одан кейін
құптау үшін PROG түймесін басыңыз.
» Бұл радиостанцияның алдын ала
орнатылған нөмірі мен жиілігі
көрсетіледі.
4 Басқа стансаларды бағдарламаға енгізу
үшін 1-3 қадамдарды қайталаңыз.
Алдан ала орнатылған радио
станцияны таңдау
Алдын ала орнатылған нөмірді таңдау үшін
тюнер режимінде PRESET +/- түймесін
басыңыз.