User manual

34
- Жасыл - 3 сағаттан көп уақыт қалғанда.
3D көзілдірігін зарядтау
C суретін қараңыз.
Көзілдірікті зарядтау үшін, шағын USB
қосқышын жалғаңыз, стандартты USB
қосқышын теледидарға, компьютерге
немесе USB хабына жалғаңыз. Зарядтау
үшін теледидар немесе компьютер
қосылған болуы керек.
Зарядтағанда, ЖД көрсеткіші жанып
тұрады және ...
- Қызыл – зарядталуда.
- Жасыл - толық зарядталған.
Бос батареяны зарядтау 3 сағатқа дейін
созылуы мүмкін. Толық зарядталған
батарея 30 сағат 3D бейнесін көруге
мүмкіндік береді.
Екі ойыншымен ойнау
Осы көзілдірікпен екі ойыншыға арналған
ойындарды ойнауға болады. Екі ойыншы
бір теледидарды қосып, бір ойынның екі
бөлек көрінісін көре алады.
1-ойыншы немесе 2-ойыншы экрандарын
ауыстырып қосу үшін, 1- немесе
2-ойыншыны таңдау пернесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, теледидардың
«Home» (Басты) мәзіріндегі «Help»
(Анықтама) тармағын ашыңыз.
Көзілдіріктің күтімі
• Линзаларға сызат түсірмеу үшін таза,
жұмсақ шүберек (ұсақ талшықты немесе
мақта шүберек) пайдаланыңыз. Тазалағыш
затты 3D көзілдірігіне тікелей бүркемеңіз.
Бұл электроникаға зақым келтіруі мүмкін.
• Құрамында спирт, еріткіш, сурфактант,
парафин, бензин, масалардан қорғау
құралы немесе майлайтын құралы
бар тазалағыш химиялық құралдарды
пайдаланбаңыз. Бұл химиялық құралдарды
пайдаланса, көзілдіріктің түсі солуы
немесе ол жарылуы мүмкін.
• 3D көзілдірігін күн сәулесі тікелей
түсетін, ыстық, отты немесе сулы жерде
сақтамаңыз. Өнім дұрыс істемеуі немесе
өрт шығуы мүмкін.
• 3D көзілдірігінің линзаларын түсіріп
алмаңыз, майыстырмаңыз немесе оларға
күш түсірмеңіз.
• Зарядталатын батареяны
алмастырмаңыз. Ол алмастырылмайды.
Денсаулыққа қатысты ескерту
• 6 жасқа толмаған балаларға арналмаған.
• Өзіңіз немесе жанұяңыз эпилепсия
немесе жарық сезгіштік талмасына
шалдыққан болсаңыз, жыпылықтайтын
жарық көздерін, тез ауысатын суреттерді
немесе үш өлшемді бейнені көрмес
бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
• Бастың айналуы, бас ауруы немесе
310431578231_PTA517_man_acc_12.indd 34 24-02-2012 09:31