operation manual

51
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome веб-
торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Ұсақ торлы ұстара
2 Танау/құлақ триммері
3 Шаш қиятын құрылғы
4 Толық металл дәлдік триммері
5 Толық металл сақал триммері
6 Сап
7 Қосу/өшіру түймесі
8 TURBO (ТУРБО) түймесі
9 Батарея күйінің көрсеткіші/Турбо ЖШД
10 Сақтау дорбасы
11 Кішкене штепсель
12 Адаптер
13 Щетка
14 Сақал мен мұртқа арналған тарақ (1-18 мм)
15 Шаш тегістеу тарағы (3-20 мм)
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият
оқып шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерге су тигізбеңіз.
Абайлаңыз!
- Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді ауыстыруға немесе
оған басқа штепсельдерді қосуға болмайды: бұл өте қауіпті.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе
құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау
қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен
тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны
қолданбауы керек.
- Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Құралды зарядтау үшін, тек қосымша берілген адаптерді ғана
қолданыңыз.
- Қолданылатын ортада температура, қысым немесе ылғалдылық
қатты өзгерсе, құралды пайдаланбас бұрын оның қоршаған орта
жағдайларына бейімделуіне 30 минут беріңіз.
ҚАЗАҚША