operation manual

139
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, себебі бұл өте
қауіпті жағдай туғызады.
- Бұл құралдарды мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және
білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде балалардың)
қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауымен немесе құралды
пайдалану жөнінде нұсқауымен ғана қолдануына болады.
- Балалардың ұстарамен және Jet Clean жүйесімен ойнамауын
қадағалаған жөн.
- Құралдарды тазалағанда сақ болыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
Ескерту
- Jet Clean жүйесін және зарядтағышты суға батырмаңыз және
ағынды сумен шаймаңыз.
- Құралдар мен қосалқы құралдарды ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Құралдарды тек су өткізбейтін бетке қойып қолданыңыз.
- Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Тек осы ұстарамен берілген немесе осы ұстара үшін арнайы
әзірленген қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
- Адаптер немесе қосалқы құралдардың біреуі зақымданған болса,
қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек түпнұсқа түрімен алмастырыңыз.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
- Зақымданған болса, құралдар мен қосалқы құралдарды пайдаланбаңыз.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
Jet Clean жүйесі (тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC,
RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде)
Ескерту
- Jet Clean жүйесін тек түпнұсқа HQ200 тазалау сұйықтығымен
қолданыңыз.
- Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін әрқашан тек
тұрақты, тегіс және көлденең су өтпейтін бетке қойып пайдаланыңыз.
- Jet Clean жүйесін суға батырмаңыз.
- 15 күн сайын тазалау орнының ішін босатып, ыстық ағынды сумен
шаю арқылы жақсылап тазалап тұрыңыз.
- Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды,
алайда дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен
бірігіп қолданбаңыз.
- Jet Clean жүйесінің тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
- Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы ағып
кетпеуі үшін жүйені қозғалтуға болмайды.
ҚАЗАҚША 139