operation manual

140
Сақал сәндегіш қосымшасы (тек RQ1195, RQ1175 үлгілерінде)
Ескерту
- Сақал сәндегіш қосымшасын тек беттегі түкті (сақал, мұрт және
жақ сақалы) түзету үшін қолданыңыз. Оны мойыннан төмен дене
мүшелеріндегі түктерді түзету үшін қолданбаңыз.
- Сақал сәндегіш қосымшасын тек мына ұстара түрлерімен бірге
қолданыңыз: RQ12xx, RQ11xx, RQ10xx.
- Сақал сәндегіш қосымшасы ыдыс жуғышта жууға жарамайды.
Стандарттарға сәйкестігі
- Осы электр ұстара халықаралық, мақұлданған қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес келеді, сондықтан оны жуыну бөлмесінде немесе душта
қолдану және ағынды сумен шаю қауіпсіз болып есептеледі.
- Philips құралдары электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) байланысты
барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер дұрыс және осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сай ұсталса, құралдар
бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша қолдануға
қауіпсіз болып келеді.
Дисплей
Ескертпе. Дисплейде қорғаныш фольга болса, ұстараны алғаш қолданар
алдында оны алып тастаңыз.
Түрлі ұстара түрлерінің дисплейлері әртүрлі болып келеді, олар
төмендегі суретте көрсетілген.
- RQ1197, RQ1195, RQ1180, RQ1175
- RQ1185, RQ1167, RQ1160
- RQ1155, RQ1151, RQ1150, RQ1145, RQ1141, RQ1131
ҚАЗАҚША