operation manual

147
3 Сақал сәндегіш қосымшасының тұтқасын ұстараның
жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз (1). Одан кейін, Сақал сәндегіш
қосымшасын ұстараға бекіту үшін, оны төмен қарай басыңыз (2)
(«сырт» ете түседі).
Тарағы бар Сақал сәндегіш қосымшасын пайдалану
Сақалыңызды бір бекітілген параметрде, сондай-ақ, түрлі ұзындық
параметрлерінде сәндеу үшін сақал сәндегіш қосымшасын тіркелген
тарағымен пайдалана аласыз. Сақал сәндегіш қосымшасындағы түк
ұзындығының параметрлері қиғаннан кейінгі қалған түктің ұзындығына
сәйкес келеді және 1-5 мм ауқымында болады.
1 Тарақты сақал сәндегіш қосымшасының екі шетіндегі бағыттауыш
ойықтарға тіке сырғытып енгізіңіз («сырт» ете түседі).
2 Қалаған түк ұзындығы параметрін таңдау үшін, ұзындықты таңдау (1)
түймесін басып, одан кейін оны оңға не солға итеріңіз (2).
3 Ұстараны қосу үшін ондағы қосу/өшіру түймесін басыңыз.
4 Енді сақалды сәндеуді бастауға болады.
Сақал сәндегіш қосымшасын тарақсыз пайдалану
Сақалыңызды, мұртыңызды немесе бакимбардыңызды реттеу және контурлау
үшін сақал сәндегіш қосымшасын тарақсыз пайдалануыңызға болады.
ҚАЗАҚША 147