operation manual

149
- Мұрт
- Шоқша сақал
Тазалау және күтіп ұстау
Ұстараны, оның аксессуарларын немесе Jet Clean жүйесін (тек RQ1197CC,
RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде) тазалау үшін,
қырғыштарды, қырғыш тазалау құралдарын немесе бензин және ацетон
тәрізді сұйықтықтарды пайдаланушы болмаңыз.
- Электр ұстараны тазалаудың ең жақсы және гигиеналық жолы — Jet
Clean жүйесін пайдалану (тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC,
RQ1180CC, RQ1175CC үлгілерінде). Сондай-ақ, ұстараны ағын
сумен шаюға немесе берілген щеткамен тазалауға болады.
- Жақсылап қыруы үшін, қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
- Электр ұстараның сыртын дымқыл шүберекпен сүртуге болады.
- Электр ұстараны әрдайым тазалап тұру оның жақсы қыруына
себепкер болады.
Қыратын бөлікті тазалау
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
1 Ұстараны өшіріңіз. Оны зарядтағыштан немесе Jet Clean жүйесінен
(тек RQ1197CC, RQ1195CC, RQ1185CC, RQ1180CC, RQ1175CC
үлгілерінде) шығарып алыңыз.
2 Қыру бөлігін ыстық ағынды сумен біраз уақыт шайыңыз.
Ескертпе. Сондай-ақ, қыру бөлігін жинақпен берілген
тазалағыш щеткамен тазалауға болады.
ҚАЗАҚША 149