operation manual

152
Ескертпе. Jet Clean жүйесіндегі қосу/өшіру түймесі тазалау
бағдарламасы барысында басылса, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда,
тазалау немесе кептіру шамы жыпылықтауын қойып, ұстағыш ең
жоғарғы позициясына жылжиды.
Ескертпе. Тазалау барысында адаптер қабырға розеткасынан
ажыратылса, бағдарлама тоқтайды. Ұстағыш ағымдағы
позициясында қалады. Адаптер қабырға розеткасына қайтадан
жалғанғанда, ұстағыш ең жоғарғы позициясына жылжиды.
- Тазалау сұйықтығының деңгейі ең төменгі көрсеткіштен төмен
түскенде, «тазалау орны бос» белгісі жыпылықтап, ұстағыш
бастапқы позициясына оралады.
- Егер Jet Clean жүйесін ұстараны тазалау үшін күнделікті қолданатын
болсаңыз, тазалау камерасын шамамен 15 күн сайын толтырып
тұруыңыз қажет болады.
Jet Clean жүйесін тазалау
Тазалау орнын 15 күн сайын тазалап тұрыңыз.
Jet Clean жүйесінің сыртын дымқыл шүберекпен сүртуге болады.
1 Jet Clean жүйесінің екі бүйіріндегі босату түймелерін бір уақытта
басыңыз (1). Одан кейін, Jet Clean жүйесін тартып, тазалау орнынан
шешіңіз (2).
, Тазалау орны астында қалады.
2 Қалған тазалау сұйықтығын тазалау орнынан төгіп тастаңыз.
Тазалау сұйықтығын шұңғылшаға ағызып жіберуге болады.
3 Тазалау орнын ағынды сумен шайыңыз.
Тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
4 Тазалау орнының екі сызығының ортасына дейін HQ200 тазалау
сұйықтығын құйыңыз.
ҚАЗАҚША