User Manual

Ата-аналар бөлігін алғаш қолданарда немесе ата аналар бөлігі батареялар таусыла басталды
деп белгі бергенде (көрсеткіште бос батарея белгісі жымыңдай бастап, ата аналар бөлігі бип
дыбысын шығарады) қайта зарядтаңыз. Ата аналар бөлігі батареялар толығымен таусылуға 30
минут қалғанда белгі бере бастайды.
Есте сақтаңыз: Егер батареялар толығымен таусылса, ата-аналар бөлігі автоматты түрде
сөніп, нәресте бөлігімен байланысын жоғалтады.
1 Қайта зарядталатын батареялар орнының қақпағын ашыңыз (Cурет 6).
2 Қайта зарядталатын батареяларды салыңыз (Cурет 7).
Есте сақтаңыз: Батареялардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді
жеткізіңіз.
3 Қақпағын жабыңыз (Cурет 8).
4 Құралдың кішкене шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адапторды
қабырғадағы розеткаға енгізіңіз, және ата-аналар бөлігін зарядтаушыға
қойыңыз (Cурет 9).
, Зарядталып жатыр дегенді білдіретін жарық жанады
, Ата аналар бөлігі зарядталып жатқандығын білдіріп, көрсеткіш зарядталып жатқан
батарея белгісін көрсетеді
5 Ата аналар бөлігін батареялары толығымен зарядталғанша зарядтау құрылғысында
қалдырыңыз.
, Зарядтау барысында, зарядтаушыдағы зарядтау жарығы тоқтаусыз жанады.
, Батарея топтамасы толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігіндегі көрсеткіш толық
батарея белгісін көрсетеді .
- Ата аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда немесе көптен бері қолданбай келіп, қайта
зарядтағанда, оны сөндіріп, тоқтаусыз 10 сағат бойы зарядтаңыз.
- Әдетте зарядтау 8 сағат алады. Алайда, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда қосулы
болса, онда ол уақыт ұзағырақ болады. Егер сіз зарядтау уақытын мүмкіндігінше қысқа
еткіңіз келсе, онда ата-аналар бөлігін зарядтап жатқанда сөндіріп қойыңыз.
- Батареялар толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігін тоқ сымысыз кем дегенде 24
сағат бойы қолдануға болады.
Есте сақтаңыз: Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда,
олар 24 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне
тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Егер ата аналар бөлігі зарядтау құрылғысында тұрмаса, онда ата аналар бөлігі
сөндірулі тұрған жағдайда да батареялары жәймен отыра бастайды.

1 Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге
қойыңыз (Cурет 10).
Нәресте бөлігі ата аналар бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта болуы тиіс.
2 Нәресте бөлігіндегі қосу/өшіру түймесін басып, қуат қосулы дегенді білдіретін жасыл
жарық жанғанша, ұстап тұрыңыз. (Cурет 11)
Есте сақтаңыз: Қуат қосулы дегенді білдіретін жарық әрдайым жасыл болып жанады, тіпті
ата аналар бөлігімен байланыс орнталымаған болса да.
, Түнгі жарық бір сәтке жанып, содан соң сөнеді.
, Батарея жарығы T бір сәтке жанып, содан соң сөнеді. (Cурет 12)
94