User guide


Нәресте бөлігі төрт 1.5-вольтті R6 AA батареларымен жұмыс жасайды (қосымша қаматамасыз
етілмеген). Біз сізге міндетті түрде тек Philips LR6 PowerLife батареларымен қолданыңыз деп
кеңес береміз.
Қайта зарядталатын батареяларды қолданбаңыз, себебі нәресте бөлігінде қайта зарядтау
функциясы жоқ.
Нәресте бөлігін тоқтан суырыңыз, және қайта зарядталмайтын батареяларды салар алдында
өзіңіздің қолдарыңыз бен бөліктің кебу екендігін тексеріңіз.
1 Қайта зарядталмайтын батареялар орнының қақпағын алыңыз. (Cурет 3)
2 Қайта зарядталмайтын батареялардың төртеуін салыңыз (Cурет 4)
Есте сақтаңыз: - және + жақтары дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз.
3 Қақпағын жабыңыз. (Cурет 5)


Ата аналар бөлігіне қосыла қайта зарядталатын Li-ion 1000mAh батареялар топтамасы
беріледі
Ата-аналар бөлігін алғаш қолданарда немесе ата-аналар бөлігі батарея таусыла бастады
дегенді білдіргенде (көрсеткіште бос батарея белгісі жымыңдайды және ата аналар бөлігі бип
дыбысын шығарады) зарядтаңыз. Ата аналар бөлігі батарея топтамасы толығымен таусылуға 30
минут қалғанда батарея таусыла бастады деп ескертеді.
Есте сақтаңыз: Егер қайта зарядталатын батареялар топтамасы толығымен босаса, ата
аналар бөлігі автоматты түрде сөнеді және нәресте бөлігімен байланысын жоғалтады.
1 Қайта зарядталатын батареялар топтамасы орнының қақпағын алыңыз (Cурет 6).
2 Қайта зарядталатын батареялар топтамасын салыңыз (Cурет 7).
3 Қақпағын жабыңыз (Cурет 8).
4 Құралдың кішкене шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адапторды
қабырғадағы розеткаға енгізіңіз, және ата-аналар бөлігін зарядтаушыға
қойыңыз (Cурет 9).
Зарядталып жатыр дегенді білдіретін жарық жанады
Ата аналар бөлігі зарядталып жатқандығын білдіріп, көрсеткіш зарядталып жатқан
батарея белгісін көрсетеді
5 Ата аналар бөлігін батарея топтамасы толығымен зарядталғанша зарядтаңыз.
Зарядтау барысында, зарядтаушыдағы зарядтау жарығы тоқтаусыз жанады.
Батарея топтамасы толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігіндегі көрсеткіш толық
батарея белгісін көрсетеді.
Ата аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда немесе көптен бері қолданбай келіп, қайта
зарядтағанда, оны сөндіріп, тоқтаусыз 10 сағат бойы зарядтаңыз.
Әдетте зарядтау 4 сағат алады. Алайда, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда қосулы
болса, онда ол уақыт ұзағырақ болады. Егер сіз зарядтау уақытын мүмкіндігінше қысқа
еткіңіз келсе, онда ата-аналар бөлігін зарядтап жатқанда сөндіріп қойыңыз.
Батареялар толығымен зарядталған болса, ата аналар бөлігі тоқ сымысыз кем дегенде 24
сағат бойы жұмыс жасай алады.
Есте сақтаңыз: Ата аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда, қызмет көрстеу уақыты 24
сағаттан кем болады. Қайта зарядталатын батареялар топтамасы өздерінің толық
мүмкіндігіне төрт рет босап, қайта зарядталғанда ғана жетеді.
,
,
,
,
-
-
-
100