User guide


Есте сақтаңыз: Сіз дыбыс ескертпесін тек ата аналар бөлігіндегі мәзірден қоса/өшіре аласыз.
Осы мүмкіндік арқасында сіз нәрестеңізді үнсіз қадағалай аласыз. Оның арқасында сіз ата
аналар бөлігінің дауысын сөндіріп тастағанда да нәрестеңіз жылағанда ескерту ала аласыз.
Егер дыбыс ескертпесі қосулы болса, ата аналар бөлігі төртінші дыбыс деңгейіндегі жарық
жанған бойда, тіпті дауысы сөндірулі болса да, бип дыбысын береді. Оған қосымша, ата аналар
бөлігіндегі көрсеткіштің артқы жарығы жанып, дыбыс ескертпе белгісі ( ) көрсеткіште
жымыңдай бастайды.
1 + және – түймелері арқылы ‘Sound Alert’ (дыбыс ескертпесі) таңдаңыз.
2 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
3 Егер ескертпе сөнулі болса, көрстекіште ‘On’ (қосу) хабары көрініп тұрады. Ескертпені
қосу үшін, OK түймесін басыңыз. Егер ескертпе қосулы болса, көрсеткіште ‘Off
(сөндіру) хабары көрініп тұрады. Ескертпені сөндіру үшін, OK түймесін басыңыз.
Егер сіз дыбыс ескертпесін «Қосу» етіп таңдасаңыз, ( g) белгісі ата аналар бөлігіндегі
көрсеткіште пайда болады.

Есте сақтаңыз: Сіз температура кесіндісін тек ата аналар бөлігіндегі мәзірден ғана
сәйкестендіре аласыз.
Нәресте, әдетте, 16°C және 20°C температура аралығындағы бөлмеде жайлы ұйықтайды. Бұл
бөлме температурасы өте маңызды, себебі нәрестелер, ересек адамдар тәрізді, өз денесінің
температурасын басқара алмайды. Нәрестеге температура өзгерістеріне бейімделу үшін,
ұзағырақ уақыт керек.
Егер сіз температура кесіндісін таңдамаған болсаңыз, нәресте бақылаушысы сізді нәресте
бөлмесіндегі температура 14°C төмен түскен кезде немесе 30°C тан артқанда ескертеді. Бұл
жағдайда ата аналар бөлігінің көрстекішіндегі артқы фон жарығы жанып, көрсеткіште
«Жоғары» немесе «Төмен» хабары пайда болады..
Есте сақтаңыз: Екі бөлік байланыста болғанда, нәресте бөлме температурасы екі бөліктің де
көрстекіштерінде көрініп тұрады.
1 + және – түймелерін басып, ‘Temperature’ (температура) таңдаңыз
2 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
3 + және – түймелері арқылы ‘Range’ (кесінді) таңдаңыз.
4 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
5 + және – түймелері арқылы өзіңіз қалаған минималды температураны таңдаңыз.
6 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
7 + және – түймелері арқылы өзіңіз қалаған максималды температураны таңдаңыз.
8 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
Көрсеткіште ‘Saved’ (сақталды) хабары пайда болады.
Есте сақтаңыз: Егер нәресте бөлмесіндегі температура орнатылған температура кесіндісінен
төмен түссе немесе асып кетсе, көрсеткіш тоқтаусыз қосылып тұрады. Осының салдарынан
бөлік көбірек қуат жаратады.

Есте сақтаңыз: Сіз температура ескертпесін тек ата аналар бөлігіндегі мәзірден ғана
сәйкестендіре аласыз.
,
,
106