Important Information Manual
Table Of Contents
58
KK
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Нәресте мониторын қолданар алдында, осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Warning
• Нәресте қуат сымымен буынып қалмауы үшін, нәресте модулі мен қуат сымын одан кемінде
1 метр/3,5 фут қашықтықта ұстаңыз. Ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Абайлаңыз. Жарылу, ток соғу, қысқа тұйықталу немесе батареяның ағып кету
қаупі бар.
• Аппаратқа су тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс және оның үстіне ваза
сияқты сұйықтығы бар заттарды қоюға болмайды.
• Нәресте мониторын розеткаға қоспас бұрын, оның адаптерлерінде көрсетілген
кернеу розетканың кернеу шамасына сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
• Ажырату құралы ретінде РОЗЕТКАНЫҢ штепсельдік ұшы қолданылса,
ажырату құралы қол жетер жерде болуы тиіс.
• Нәресте құрылғысын розеткаға қосу үшін жинақпен берілген адаптерді
қолданыңыз.
• Ата аналар бөлігін зарядтау үшін қосымша берілген адапторды қолданыңыз.
• Нәресте және ата-ана модульдерінің батарея бөлімдерінен басқа жерлерін
ашпаңыз. Ток соғуы мүмкін.
• Батареяларды салғанда немесе ауыстырғанда, қол құрғақ болуы керек.
• Ата-ана құрылғысы үшін тек нәресте мониторымен берілген қайта
зарядталатын батареяны ғана пайдаланыңыз. Қайта зарядталатын батареяны
осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай етіп зарядтаңыз.
• Жарылыс қаупінің алдын алу үшін, батареяны дұрыс түрімен ауыстырыңыз.
• Пайдаланылған батареяларды нұсқауларға сәйкес тастаңыз.
• Нәресте мониторын зақымдап, күйік және тері мен көздің тітіркенуін
тудыратын батарея жарылысы немесе ағуы орын алмау үшін:
• қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз;
• батареяларды дұрыс қаратып салыңыз (+/-);
• өнімді 30 күннен артық пайдаланбайтын болсаңыз,
батареяларды шығарып қойыңыз,
Қазақша