User manual
2 KK
1 Маңызды
қауіпсіздік
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіпті
• Есту қабілетіне зақым келтірмеу үшін гарнитураны
жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану уақытын
шектеп, дыбыс деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз.
Дыбыс деңгейі жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты
қысқа болады.
Гарнитураны пайдаланған кезде төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
• Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы
уақыт аралығында тыңдаңыз.
• Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен
дыбыс деңгейін жоғары деңгейге үздіксіз
реттемеңіз.
• Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз,
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
• Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз.
• Құлақаспаптардан немесе гарнитурадан
шамадан тыс дыбыс қысымы есту
қабілетін жоғалтуға алып келуі мүмкін.
• Көлікті жүргізу кезінде екі құлақты
гарнитурамен жабуға кеңес берілмейді
және жүргізу кезінде кейбір аймақтарда
заңсыз болуы мүмкін.
• Қауіпсіздігіңіз үшін көлікте немесе басқа
да ықтимал қауіпті орталарда әуенге
немесе ұялы телефонға алаң болмаңыз.
Жалпы ақпарат
Зақымды немесе ақаулықты болдырмау
үшін:
Ескерту
• Гарнитураны аса қыздырмау қажет.
• Гарнитураны түсіріп алмаңыз.
• Гарнитураға сұйықтық тамшыламауы немесе
шашырамауы тиіс.
• Гарнитураның суға батуына жол бермеңіз.
• Құрамында алкоголь, аммиак, бензин немесе зімпара
бар тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
• Егер тазалау қажет болса, өнімді тазалау үшін
жұмсақ, қажет болса, аз мөлшердегі сумен
дымқылданған немесе сабынға малынған мата
пайдаланыңыз.
• Кірістірілген батарея күн сәулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс.
Жұмыс істеу және сақтау температурасы
мен ылғалдылығы туралы
• Температурасы -15ºC (5 ºF) және 55
ºC (131ºF) арасындағы жерде іске
қосыңыз немесе сақтаңыз (90 %-ға дейін
салыстырмалы ылғалдылық).
• Батареяның жұмыс уақыты жоғары
немесе төмен температура
жағдайларында қысқаруы мүмкін.
Электр магнитті өріспен
(ЭМӨ) үйлесімділігі
Бұл өнім электромагниттік өрістерге қатысты
барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.