User manual

5KK
3 Жұмысты
бастау
Гарнитураны зарядтау
Ескертпе
Гарнитураны бірінші рет пайдаланардың алдында,
оңтайлы батарея сыйымдылығы мен пайдалану
мерзімі үшін батареяны 4 сағат зарядтаңыз.
Зақым келтірмеу үшін тек бастапқы USB зарядтау
кабелін пайдаланыңыз.
Гарнитураны зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі гарнитураны зарядтау үшін қосу
гарнитураны өшіреді.
Жабдықталған USB зарядтау кабелін
төмендегіге қосыңыз:
гарнитураның USB қосқышы және;
USB қуат көзі.
» ЖШД зарядтау кезінде ақ түске
ауысады және гарнитура толықтай
зарядталғанда өшеді.
Кеңес
Әдетте, толық зарядтауға 3 сағат кетеді.
Батарея бос болғанда, әуенді дыбыс кабелімен
тыңдауға болады. Осы дыбыс кабелін пайдалану
алдында гарнитураның өшірулі (және әрекетсіз
режимде емес) екендігін тексеріңіз.
Гарнитураны ұялы
телефоныңызбен жұптау
Гарнитураны ұялы телефонмен бірінші рет
пайдалану алдында, оны ұялы телефонмен
жұптаңыз. Сәтті жұптау гарнитура пен ұялы
телефон арасында бірегей шифрланған
байланысты орнатады. Гарнитура соңғы 8
құрылғыны жадында сақтайды. Егер 8-ден
көп құрылғыны жұптауға әрекет етсеңіз,
бұрын жұпталған құрылғы жаңасымен
ауыстырылады.
Гарнитураны ұялы телефонмен
жұптастырудың екі жолы бар:
Қолмен жұптастыру
NFC жұптастыру
Қолмен жұптастыру
1 Ұялы телефон өшірілгенін және оның
Bluetooth мүмкіндігі қосылғанын
тексеріңіз.
2 Гарнитураның толық зарядталғанын
және өшірілгенін тексеріңіз.
3 ЖШД шамы кезектесіп көк және ақ
түспен жыпылықтағанша, түймесін
басып тұрыңыз.
» Гарнитура жұптастыру режимінде 2
минут болады.
4 Гарнитураны ұялы телефоныңызбен
жұптаңыз. Толық мәліметтер алу
үшін ұялы телефонның пайдаланушы
нұсқаулығына жүгініңіз.
NFC жұптастыру
1 Ұялы телефонның қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2 Гарнитураның толық зарядталғанын
және өшірілгенін тексеріңіз.
3 ЖШД кезектесіп көк және ақ түспен
жыпылықтағанша, түймесін басып
тұрыңыз.
4 Телефондағы NFC функциясын
қосқаныңызға және телефонның экраны
қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз.
5 Телефонды гарнитураның үстіне
қойыңыз, сонда әр құрылғының NFC
анықтау аумағы бір-біріне тиіп тұрады.