User manual
5KK
3 Жұмысты
бастау
Құлақаспапты зарядтау
Ескертпе
• Құлақаспапты бірінші рет пайдалану алдында
оңтайлы батарея сыйымдылығы мен қызмет мерзімі
үшін батареяны 5 сағат зарядтаңыз.
• Зақым келтірмеу үшін тек бастапқы USB зарядтау
кабелін пайдаланыңыз.
• Құлақаспапты зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлақаспапты зарядтау үшін
жалғағанда құлақаспап өшеді.
Жабдықталған USB зарядтау кабелін
төмендегіге қосыңыз:
• құлақаспаптың USB қосқышы және;
• USB қуат көзі.
» ЖШД шамы зарядтау кезінде ақ
түске ауысады және құлақаспап
толық зарядталғанда өшеді.
Кеңес
• Әдетте, толық зарядтауға 3 сағат кетеді.
• Батарея бос болғанда, әуенді дыбыс кабелімен
тыңдауға болады. Осы аудио кабельді пайдалану
алдында құлақаспаптың өшірулі (және әрекетсіз
режимде емес) екендігін тексеріңіз.
Құлақаспапты мобильді
телефоныңызбен жұптау
Құлақаспапты мобильді телефонмен
бірінші рет пайдалану алдында мобильді
телефонмен жұптаңыз. Сәтті жұптау
құлақаспап пен мобильді телефон арасында
бірегей шифрланған байланысты орнатады.
Құлақаспап соңғы 4 құрылғыны жадында
сақтайды. Егер 4-ден көп құрылғыны
жұптауға әрекет етсеңіз, бұрын жұпталған
құрылғы жаңасымен ауыстырылады.
Құлақаспапты мобильді телефонмен
жұптаудың екі жолы бар:
• Қолмен жұптастыру
• NFC жұптастыру
Қолмен жұптастыру
1 Құлақаспап толығымен зарядталғанын
тексеріңіз.
2 Құлақаспапты қосу үшін түймесін
басып тұрыңыз.
3 ЖШД кезектесіп көк және ақ түспен
жыпылықтағанша түймесін басып
тұрыңыз.
4 Мобильді телефонның Bluetooth
функциясын қосыңыз.
» Құлақаспап жұптау режимінде 2
минут болады.
5 Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен
жұптаңыз. Толық мәліметтерді мобильді
телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
NFC жұптастыру
1 Телефондағы NFC функциясын
қосқаныңызға және телефонның экраны
қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз.
2 Телефонды гарнитураның үстіне
қойыңыз, сонда әр құрылғының NFC
анықтау аумағы бір-біріне тиіп тұрады.
3 Құлақаспапты мобильді телефоныңызбен
жұптаңыз. Толық ақпаратты мобильді
телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.