User manual

Қазақша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және
Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз, мұнда
осы ұстараның мүмкіндіктері туралы ақпарат және
қырынуды оңай әрі жағымды ететін кеңестер
берілген.
Жалпы сипаттама (1-сурет)
1 Түк камерасы бар қыратын бөлік
2 Қосу/өшіру түймесі
3 Ауыстыру еске салғышы
4 Тазалау туралы еске салғыш
5 Сапар құлпының таңбасы
6 Пайдалану үшін ажырату таңбасы
7 Батарея күйінің индикаторы
8 Кішкентай тығынға арналған розетка
9 Дәл кесетін триммердің басып кигізілетін
саптамасы
10 Қуат көзі
11 Кішкентай тығын
12 Қалта
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас
бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
376
Қазақша