User manual

5 Қыратын басының ұстағышын жылы ағынды
сумен шайыңыз.
6 Артық суды мұқият сілкіп тастап, қыратын
басын ұстағышты толығымен ауада кептіріңіз.
7 Қыратын басын ұстағышты қыратын бөлігінің
төменгі жағына (сырт еткенше) салыңыз.
Дәл кесетін триммер саптамасын тазалау
Триммерді орамалмен немесе шүберекпен
сүртпеңіз, кесетін тістері зақымдануы мүмкін.
Триммерді әрбір қолданыстан кейін тазалаңыз.
1 Ұстараны қосыңыз.
2 Триммерді жылы ағын су астында шайыңыз.
3 Тазалап болған соң, ұстараны өшіріңіз.
4 Артық суды шайқап төгіп, саптаманы
толығымен кептіріп алыңыз.
Кеңес: Оңтайлы өнімділік үшін, саптама тістерін
тігін машинасының бір тамшы майымен жүйелі
түрде майлаңыз.
Ауыстыру
Қыратын бастарды алмастыру
2yrs
Жақсылап қырыну үшін қыратын бастарын әр екі
жыл сайын ауыстырып отыруды ұсынамыз.
Зақымданған қыратын бастарын дереу
ауыстырыңыз. Қыратын бастарын үнемі
түпнұсқалы Philips қыратын бастарымен
ауыстырыңыз.
Ауыстыру еске салғышы
389
Қазақша