operation manual

8 Жиі
қойылатын
сұрақтар
Аудио сапасы нашар және шыртылдаған
шу естіледі.
Bluetooth құрылғысы желінің әрекет ету
ауқымынан тыс. Құлаққап пен Bluetooth
құрылғысы арасындағы қашықтықты
азайтыңыз немесе олардың
арасындағы кедергілерді жойыңыз.
Құлаққапты зарядтаңыз.
Мобильді телефонның ағындық
деректер жіберу кезінде дыбыс сапасы
нашар, өте баяу немесе ағындық
деректер жіберу функциясы мүлдем
жұмыс істемейді.
Мобильді телефон HFP (моно) функциясын
ғана емес, сонымен қатар A2DP мүмкіндігін
қолдап, BT4.0x (немесе одан жоғары)
үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз (9-ші
беттегі «Техникалық деректер» бөлімін
қараңыз).
Мен дыбыс естісем де, Bluetooth
құрылғысында музыканы басқара
алмаймын (мысалы, ойнату/кідірту/
алға/артқа айналдыру).
Bluetooth дыбыс көзі AVRCP мүмкіндігін
қолдайтынына көз жеткізіңіз (9-ші беттегі
«Техникалық деректер» бөлімін қараңыз).
Құлаққаптың дыбыс деңгейі тым төмен.
Кейбір Bluetooth құрылғылары дыбыс
деңгейін синхрондау арқылы дыбыс
деңгейін құлаққаптармен байланыстыра
алмайды. Бұл жағдайда тиісті дыбыс
деңгейіне жету үшін Bluetooth
құрылғысындағы дыбыс деңгейін өзіңіз
реттеуіңіз керек.
Құлаққапты басқа құрылғыға жалғай
алмай отырмын, не істеуім керек?
бұрын жұптастырылған құрылғының
Bluetooth функциясы өшіп тұрғанына
көз жеткізіңіз.
Екінші құрылғыда жұптастыру рәсімін
қайталаңыз (5-ші беттегі
«Құлаққаптарды мобильді телефонмен
жұптастыру» бөлімін қараңыз).
Қосымша қолдау алу үшін
www.philips.com/support сайтына өтіңіз
Bluetooth құлаққабы қосылмайды.
Батарея деңгейі төмен. Құлаққапты
зарядтаңыз.
Bluetooth құлаққаптарын Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру мүмкін
емес.
Bluetooth функциясы өшірілген.
Bluetooth құрылғысындағы Bluetooth
функциясын қосыңыз және
құлаққапты қоспас бұрын Bluetooth
құрылғысын қосыңыз.
Bluetooth құрылғысы құлаққапты
таппайды.
Құлаққап одан бұрын
жұптастырылған құрылғыға
жалғанып тұруы мүмкін. Қосылған
құрылғыны өшіріңіз немесе оны
әрекет ету аймағынан тыс жерге
жылжытыңыз.
Жұптастыру қалпына келтірілген
болуы мүмкін немесе құлаққаптар
ертерек басқа құрылғымен
жұптастырылған болуы мүмкін.
Пайдаланушы нұсқаулығында
сипатталғандай құлаққаптарды
Bluetooth құрылғысымен қайта
жұптастырыңыз. (5-ші беттегі
«Құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастыру» бөліміне өтіңіз)
Менің Bluetooth құлаққаптарым
Bluetooth стерео мүмкіндігі бар
мобильді телефонға қосылған, бірақ
музыка тек мобильді телефон
динамигі арқылы ойнатылады.
Мобильді телефоныңыздың
пайдаланушы нұсқаулығына жүгініңіз.
Музыканы құлаққаптар арқылы
тыңдау үшін таңдаңыз.
KK 13