operation manual
1 Маңызды
қауіпсіздік
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Есту қабілетінің зақымдалуын болдырмау
үшін құлаққапты жоғары дыбыс деңгейінде
пайдалану уақытын шектеңіз және дыбыс
деңгейін қауіпсіз деңгейге орнатыңыз. Дыбыс
деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз
тыңдау уақыты соғұрлым аз болады.
Құлаққабыңызды қолданған кезде,
мына нұсқауларды орындаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен
шамадан аспайтын уақыт
тыңдаңыз.
• Сақ болыңыз, дыбыс деңгейін үнемі
арттырмаңыз, өйткені есту қабілеті
дыбыс деңгейіне бейімделеді
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін
жоғарылатпаңыз.
• Сақтықпен пайдаланыңыз немесе
қауіпті жағдайларда пайдалануды
уақытша тоқтатыңыз.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке себеп болуы
мүмкін.
• Көлік жүргізу кезінде екі құлақты да
құлаққаппен жабу ұсынылмайды,
ал кейбір аймақтарда бұған мүлде
тыйым салынуы мүмкін.
• Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қозғалыс
кезінде немесе басқа қауіпті
жағдайларда музыка немесе
телефон қоңырауларына
алаңдамаңыз.
Жалпы ақпарат
Зақымдануды немесе ақауларды
болдырмау үшін:
Қауіп
Назар аударыңыз
Сақтау температурасы мен ылғалдылығы
• Температура -20 °C (-4 °F) бастап 50 °C
(122 °F) дейін, салыстырмалы
ылғалдылығы 90% құрайтын жерде
сақтаңыз.
• Температурасы 0°C (32 °F) бастап 45 °C
(113 °F) дейін, салыстырмалы
ылғалдылығы 90% құрайтын
жерлерде пайдаланыңыз.
• Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның қызмет
ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
• Дұрыс емес түрдегі батареяны
ауыстыру құлаққаптар мен
батареяларға үлкен зиян келтіруі
мүмкін (мысалы, литий
батареяларының кейбір түрлері үшін).
2 KK
• Құлаққапқа шамадан тыс жылудың әсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды.
• Құлаққаптарыңызды жерге түсірмеуге
тырысыңыз.
• Құлаққаптарға сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды. (Тиісті өнімнің IP
көрсеткішін қараңыз)
• Құлаққаптарды суға салуға болмайды.
• Коннектор немесе ұя су болғанда құлаққапты
зарядтамаңыз.
• Құрамында алкоголь, аммиак, бензол немесе
абразивті заттар бар тазартқыштарды
пайдаланбаңыз.
• Егер тазалау қажет болса, өнімді тазарту үшін
жұмсақ матаны пайдаланыңыз, қажет болған
жағдайда минималды су көлемімен немесе
сұйылтылған сұйық сабынмен сулаңыз.
• Кіріктірілген батареяны күн сәулесі, от немесе
сол сияқты шамадан тыс қызу әсерінен аулақ
ұстау қажет.
• Батарея дұрыс емес ауыстырылған жағдайда
жарылу қаупі бар. Ауыстырған кезде, дәл сондай
батареяны немесе баламасын салыңыз.
• Белгілі бір IP көрсеткішіне қол жеткізу үшін
зарядтау ұясының қақпағы жабық болуы тиіс.
• Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау,
батареяны механикалық ұсақтау немесе кесу
жарылысқа әкелуі мүмкін.
• Батареяны өте жоғары температуралы ортада
қалдыру жарылуға немесе жанғыш сұйықтықтың
не газдың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
• Батарея өте төмен ауа қысымына ие ортада
болуы жарылуға немесе жанғыш сұйықтықтың
не газдың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.










