Толық өлшемді құлаққап 8000 қатары TAPH802 Пайдаланушы нұсқаулығы Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады: www.philips.
Мазмұны 1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2 2 Толық өлшемді Bluetooth құлаққабы 3 Есту қауіпсіздігі Жалпы ақпарат Қораптағы заттар Басқа құрылғылар Сымсыз Bluetooth гарнитурасын шолу 2 2 3 3 4 3 Іске кірісу 5 4 Құлаққапты қолдану 6 5 Техникалық деректер 8 6 Хабарландыру 9 7 Сауда белгілері 11 8 Жиі қойылатын сұрақтар 12 Батареяны зарядтау 5 Құлаққапты мобильді телефонмен жұптастыру 5 Құлаққапты Bluetooth құрылғысына жалғау 6 Қоңырауларды жəне музыканы басқару 6 Сəйкестік мəлімдемесі 9 Е
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары Есту қауіпсіздігі Қауіп Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады. Гарнитураны қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз. • Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз. • Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
2 Толық өлшемді Bluetooth құлаққабы Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/welcome. Осы толық өлшемді Philips құлаққабымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз: • сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау; • сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару; • қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Сымсыз Bluetooth гарнитурасын шолу 1 2 3 4 5 Аудио ұя Микрофон ЖШД индикаторы (Қуатты қосу/өшіру/жұптастыру) Micro зарядтау ұясы 4 KZ
3 Іске кірісу Батареяны зарядтау Ескертпе Гарнитураны алғаш рет қолданудан бұрын, батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін гарнитураны зарядтау қабына салып, батареяны 3 сағат зарядтаңыз. Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы USB зарядтау кабелін ғана қолданыңыз. Гарнитураны зарядтаудан бұрын қоңырауды аяқтаңыз, себебі гарнитураны зарядтау үшін жалғаған кезде, ол өшіріледі.
4 Гарнитураны қолдану Қоңырауларды жəне музыканы басқару Қосу/өшіру Гарнитураны Bluetooth құрылғысына жалғау Мобильді телефонды/Bluetooth құрылғысын қосыңыз. Құлаққапты қосу үшін қосу/өшіру түймесін басып тұрыңыз. Көк ЖШД 3 секундқа жанады. Құлаққап ең соңғы жалғанған мобильді телефонға/Bluetooth құрылғысына автоматты түрде қайта жалғанады.
Құлаққап индикаторының басқа күйлері Құлаққап күйі Индикатор Құлаққап Bluetooth құрылғысына жалғанып тұр, құлаққап күту режимінде немесе сіз музыка тыңдап отырсыз. Көк ЖШД жанып тұрады. Құлаққап жұптастыруға дайын. ЖШД көк жəне қызыл түспен кезек-кезек жыпылықтайды. Құлаққап қосылып тұр, бірақ ешқандай Bluetooth құрылғысына жалғанып тұрған жоқ. Қызыл ЖШД баяу жыпылықтайды. Жалғау мүмкін болмаса, құлаққап 8 минут ішінде өздігінен өшеді. Батарея заряды аз.
5 Техникалық деректер Гарнитура Музыка ойнату уақыты: 30 сағат Сөйлесу уақыты: 30 сағат Күту режиміндегі уақыт: 160 сағат Зарядтау уақыты: 2 сағат Қайта зарядталатын литий-полимер батареясы (680 мА·сағ) Bluetooth нұсқасы: 4.
6 Хабарландыру Сəйкестік мəлімдемесі Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат Қажетсіз қаптама материалдарын қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон (қорап), көбікполистирол (аралық қабат) жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік материал). Жүйеңіз мамандырылған компания бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болатын материалдардан тұрады. Қаптама материалдарын, таусылған батареяларды жəне ескі жабдықты қоқысқа тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
7 Сауда белгілері Bluetooth Bluetooth® сөз белгісі жəне логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. компаниясының меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне Top Victory Investment Limited компаниясы мұндай белгілерді кез келген жерде лицензия бойынша қолданады. Басқа сауда белгілері мен сауда атаулары тиісті иелерінің жеке меншігінде. Siri Siri — Apple Inc. компаниясының АҚШ-та жəне басқа елдерде тіркелген сауда белгісі.
8 Жиі қойылатын сұрақтар Bluetooth гарнитурасы қосылмайды. Батарея заряды аз. Гарнитураны зарядтаңыз. Bluetooth гарнитурасын Bluetooth құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес. Bluetooth функциясы өшірілген. Bluetooth құрылғысында Bluetooth функциясын іске қосып, Bluetooth құрылғысын гарнитурадан бұрын қосыңыз. Жұптастыруды бастапқы қалпына келтіру жолы.
06614-19-12451 Este equipamento não tem direito à proteção contra interferência prejudicial e não pode causar interferência em sistemas devidamente autorizados. Este produto está homologado pela ANATEL, de acordo com os procedimentos regulamentados pela Resolução 242/2000, e atende aos requisitos técnicas aplicados. Para maiores informações, consulte a site da ANATEL: www.anatel.gov.br Philips жəне Philips қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V.