User manual

Table Of Contents
KK12
Алдын ала орнатылған
DAB радиостанциясын
таңдау
DAB режимінде алдын ала орнатылған
радиостанцияны таңдаудың екі жолы бар.
А опциясы:
1
PRESET (АЛДЫН АЛА ОРНАТЫМ)
түймесін басыңыз.
2
Нөмірді таңдау үшін SELECT (ТАҢДАУ)
тетігін бұрыңыз.
3
Растау үшін SELECT (ТАҢДАУ) тетігін
басыңыз.
В опциясы:
Алдыңғы/келесі алдын ала орнатылған
станцияға өту үшін түймесін
басыңыз.
Мәзірді DAB режимінде
пайдалану
1
DAB режимінде DAB мәзіріне қатынасу үшін
MENU (МӘЗІР) түймесін басыңыз.
2
Мәзір опцияларында айналдыру үшін
SELECT (ТАҢДАУ) тетігін бұрыңыз:
[Station list (Станциялар тізімі)]:
барлық DAB радиостанцияларын
көрсетеді. Ешбір станция табылмаса,
радио DAB станцияларын іздеуді және
станциялар тізіміне қосуды бастайды.
[Scan (Іздеу)]: барлық қолжетімді DAB
радиостанцияларын іздеу және сақтау.
[Manual tune (Қолмен реттеу)]: нақты
арнаға/жиілікке қолмен реттеу және
станциялар тізіміне қосу.
[Prune invalid (Дұрыс еместерін
жою)]: барлық жарамсыз
станцияларды станциялар тізімінен
жою.
[DRC]: радиосигналдың динамикалық
ауқымын сығымдайды, осылайша
тыныш дыбыстардың дыбыс деңгейі
артады, ал қатты дыбыстардың дыбыс
деңгейі азаяды.
[Station order (Станциялардың реті)]:
станциялар тізімін айналдырғанда,
станциялар қалай орналасатынын
анықтауға мүмкіндік береді.
[System settings (Жүйе
параметрлері)]: жүйе параметрлерін
реттеу («Жүйе параметрлері мәзірін
пайдалану» тарауын қараңыз).
[Main Menu (Басты мәзір)]: басты
мәзірге қатынасу («Басты мәзірді
пайдалану» тарауын қараңыз).
3
Опцияны таңдау үшін SELECT (ТАҢДАУ)
тетігін басыңыз.
4
Бір опцияның астында кез келген қосалқы
опция қолжетімді болса, 2 - 3 қадамдарын
қайталаңыз.
Алдыңғы мәзірге оралу үшін түймесін
басыңыз.