User manual

Table Of Contents
KK2
1 Маңызды
Қауіпсіздік
Ескерту
Бұл интернет радиосының корпусын ешқашан
ашпаңыз.
Бұл интернет радиосының ешбір бөлігін ешқашан
майламаңыз.
Бұл интернет радиосын басқа электр жабдыққа
ешқашан қоймаңыз.
Бұл интернет радиосын тік күн жарығынан, ашық
оттан немесе жылудан аулақ ұстаңыз.
Осы интернет радиосын қуаттан ажырату үшін
сізде әрқашан қуат сымына, ашаға немесе
адаптерге оңай қатынас болуын қамтамасыз
етіңіз.
Осы нұсқауларды оқып шығып, орындаңыз.
Желдету үшін өнім айналасында жеткілікті
бос кеңістік бар екенін тексеріңіз.
Бүкіл қызмет көрсетуді білікті қызмет
көрсету мамандарына тапсырыңыз. Қызмет
көрсету интернет радиосы кез келген түрде
зақымдалғанда қажет, мысалы, қуатпен
қамту сымы немесе аша зақымдалса,
сұйықтық төгілсе немесе интернет радиосы
ішіне заттар түссе, интернет радиосына
жаңбыр немесе ылғал әсері тисе, қалыпты
жұмыс істемесе немесе түсіріп алынса.
Тек өндіруші көрсеткен тіркемелерді/
аксессуарларды пайдаланыңыз.
Тек пайдаланушы нұсқаулығында тізілген
қуат көздерін пайдаланыңыз.
Найзағайлар кезінде немесе ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаған кезде бұл өнімді
розеткадан ажыратыңыз.
Өнімге тамшылардың немесе
шашырандылардың әсерін тигізбеу керек.
Өнімге ешбір қауіп көздерін (мысалы,
сұйықтық толтырылған заттарды, жанып
тұрған майшамдарды) қоймаңыз.
Тікелей қосылатын адаптердің ашасы
ажырату құралы ретінде пайдаланылса,
ажырату құралы пайдалануға дайын тұруы
керек.
Бұл құрылғыны судың жанында
пайдаланбаңыз.
Өндірушінің нұсқауларына сай орнатыңыз.
Радиаторлар, жылытқыштар, пештер
немесе жылуды тудыратын басқа
құрылғылар (соның ішінде зорайтқыштар)
сияқты ешбір жылу көздерінің жанында
орнатпаңыз.