User manual
• Осы динамик корпусын алып
тастауға болмайды.
• Осы динамиктің кез келген бөлігін
майлауға болмайды.
• Осы динамикті түзу, қатты жəне
тұрақты жерге қойыңыз.
• Осы динамикті басқа электр
жабдықтың үстіне қоюға
болмайды.
• Осы динамикті тек ғимарат ішінде
қолдануға болады. Осы динамикті
судан, ылғалдан жəне сұйықтық
құйылған заттардан аулақ ұстау
керек.
• Осы динамикті тікелей түсетін күн
сəулелерінен, ашық жалыннан
немесе қызудан аулақ ұстау керек.
• Батарея дұрыс түрімен
ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды.
• Батареяны отқа немесе ыстық
пешке тастау, мыжу немесе кесу
жарылысқа себеп болуы мүмкін.
• Батарея температурасы өте жоғары
немесе ауа қысымы өте төмен
жерде қалдырылса, ол жарылуы
немесе тұтанғыш сұйықтық не газ
шығуы мүмкін.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
• Қуат көзінің кернеуі құрылғының
артындағы немесе астындағы кернеуге
сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Динамикке сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
• Кез келген қауіп көзін динамик үстіне
қоймаңыз (мысалы, сұйықтық құйылған
заттар, жанып тұрған шамдар).
• Желдету үшін динамик айналасында
орын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
• Динамикті температурасы 0ºC жəне
45ºC аралығындағы ортада қауіпсіз
қолданыңыз
• Өндіруші көрсеткен қосымшаларды
жəне аксессуарларды ғана қолдануға
болады.
Батареяға қатысты сақтық шаралары
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса,
жарылу қаупі туындайды. Ауыстырған
кезде, дəл сондай батареяны немесе
баламасын салыңыз.
• Батареяға (батарея жинағы немесе
орнатылған батарея) күн сəулесі, от
немесе соған ұқсас шамадан тыс қызу
көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу
керек.
• Қолдану, сақтау не тасымалдау кезінде
шамадан артық не кем
температуралардағы жəне жоғары
биіктіктегі төмен ауа қысымындағы
батарея жарылу қаупін төндіруі мүмкін.
• Батареяны сақтық құралын бұзып өтуі
мүмкін батарея түрімен ауыстыруға
болмайды (мысалы, кейбір литий
батарея түрлері).
2 KZ
1 Маңызды
Қауіпсіздік
Ескерту










