Спорт 7000 қатары TAST702 Пайдаланушы нұсқаулығы Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады: www.philips.
Мазмұны 1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2 2 Сымсыз Bluetooth құлаққаптары 3 Есту қауіпсіздігі Жалпы ақпарат Қораптағы заттар Басқа құрылғылар Сымсыз Bluetooth қыстырма құлаққабын шолу 3 Іске кірісу Батареяны зарядтау Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру Құлаққаптарды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру 4 Құлаққапты қолдану Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына қайта жалғау Қуатты қосу/өшіру Қоңырауларды жəне музыканы басқару ЖШД индикаторының күйі Тағу əдісі 5 Құлаққаптарды
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары Есту қауіпсіздігі Қауіп Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады. Құлаққаптарды қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз. • Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз. • Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
2 Сымсыз Bluetooth құлаққаптары USB зарядтау кабелі (тек зарядтауға арналған) Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/welcome. Осы сымсыз Philips құлаққаптарымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз: • сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау; • сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару; • қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Сымсыз Bluetooth қыстырма құлаққабын шолу Ілмек Микрофон Көп функциялы түйме ЖШД индикаторы (зарядтау қабы) Micro USB зарядтау ұясы 4 KZ
3 Іске кірісу • • Зарядтау процесінің орындалып жатқанын құлаққаптардағы ақ ЖШД шамымен тексеруге болады. Құлаққаптар толығымен зарядталған кезде, ақ шам сөнеді. Батареяны зарядтау Ескертпе Құлаққаптарды алғаш рет қолданудан бұрын, батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін құлаққаптарды зарядтау қабына салып, батареяны 3 сағат зарядтаңыз. Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы USB зарядтау кабелін ғана қолданыңыз.
Құлаққаптар осы кезде жұптастыру режиміне өтіп, Bluetooth құрылғысымен (мобильді телефонмен) жұптастырылуға дайын тұрады. Bluetooth құрылғысының Bluetooth функциясын қосыңыз. Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен жұптастырыңыз. Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. УК сəулелерімен зарарсыздандыру функциясы Құлаққаптарды зарядтау қабына салып, зарядтау қабын жабыңыз, құлаққаптарды УК сəулелерімен зарарсыздандыру функциясы іске қосылып, ақ ЖШД 20 секунд жанып тұрады.
4 Құлаққаптарды қолдану Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына жалғау Bluetooth құрылғысының Bluetooth функциясын қосыңыз. Құлаққаптарды зарядтау қабынан шығарыңыз, сол кезде олар қосылып, автоматты түрде қайта жалғанады. Ешқандай құрылғы жалғанбаса, құлаққаптар 3 минуттан кейін автоматты түрде өшеді. Осы кезде құлаққаптардың екеуі де қосылып, бір-біріне автоматты түрде жұптастырылады. Қуатты қосу/өшіру Қызмет Құлаққаптарды Оң/сол құлаққап қосу. 2 секунд басып тұру. Құлаққаптарды өшіру.
Қоңырауларды басқару Қызмет Əрекет Көп функциялы түйме Тұтқаны көтеру/қою Оң/сол құлаққап Екі рет басу Кіріс қоңырауды қабылдамау Оң/сол құлаққап 2 секунд басып тұру Дауыспен басқару Қызмет Siri/Google Əрекет Көп функциялы түйме Оң/сол құлаққап Үш рет басу ЖШД индикаторының күйі Құлаққаптардың күйі Индикатор Құлаққаптар Bluetooth құрылғысына жалғанып тұр. Көк ЖШД шамы 5 секунд сайын жыпылықтайды. Құлаққаптар қосылып тұр. Ақ ЖШД 3 рет жыпылықтайды. Құлаққаптар жұптастыру режимінде.
5 Құлаққаптардың зауыттық параметрлерін қалпына келтіру Қуат өшіп тұрған күйде құлаққаптың көп функциялы түймесін ЖШД индикаторы қызыл жəне көк түспен кезек-кезек жыпылықтағанша шамамен 8 секунд басып тұрыңыз (немесе құлаққапты зарядтау қабынан шығарып, құлаққаптың ЖШД индикаторы қызыл жəне көк түспен кезек-кезек жыпылықтағанша күтіңіз), сенсорлық басқару түймесін екі рет басыңыз, сол кезде ЖШД индикаторы қызыл жəне көк түспен бір уақытта бір рет жыпылықтайды, одан кейін зауыттық параметрлер қалпына келіп
7 Хабарландыру Сəйкестік мəлімдемесі Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com. қоршаған орта мен адам денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға көмектесуге болады.
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат Қажетсіз қаптама материалдарын қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон (қорап), көбікполистирол (аралық қабат) жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік материал). Жүйеңіз мамандырылған компания бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болатын материалдардан тұрады. Қаптама материалдарын, таусылған батареяларды жəне ескі жабдықты қоқысқа тастауға қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
CAN ICES-3(B)/NMB-3(B) Канада Өнеркəсіп министрлігінің сəулелену əсеріне қоятын талаптарына қатысты мəлімдеме: Осы жабдық Канаданың бақыланбайтын орталардағы сəулелену əсеріне қоятын шектеулеріне сəйкес келеді. Осы таратқышты кез келген басқа антеннамен немесе таратқышпен бір жерге орналастыруға немесе бірге жұмыс істетуге болмайды.
8 Жиі қойылатын сұрақтар Bluetooth құлаққаптары қосылмайды. Батарея заряды аз. Құлаққаптарды зарядтаңыз. Bluetooth құлаққаптарын Bluetooth құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес. Bluetooth функциясы өшірілген. Bluetooth құрылғысында Bluetooth функциясын іске қосып, Bluetooth құрылғысын құлаққаптардан бұрын қосыңыз. Жұптастыру жұмыс істемейді. • Құлаққаптардың екеуін де зарядтау қабына салыңыз. • Бұрын жалғанған барлық Bluetooth құрылғыларының Bluetooth функциясын өшіргеніңізге көз жеткізіңіз.
Bluetooth құрылғысында музыканы естимін, бірақ оны басқара алмаймын (мысалы, ойнату/кідірту/алға аттап өту/артқа аттап өту). Bluetooth аудио көзі AVRCP профилін қолдайтынына көз жеткізіңіз (10-беттегі «Техникалық деректер» бөлімін қараңыз). Құлаққаптардың дыбыс деңгейі тым төмен. Кейбір Bluetooth құрылғылары дыбыс деңгейін синхрондау функциясы арқылы дыбыс деңгейін құлаққаптарға байланыстыра алмайды. Мұндай жағдайда тиісті дыбыс деңгейін орнату үшін Bluetooth құрылғысында дыбыс деңгейін жекеше реттеңіз.
Este equipamento não tem direito à proteção contra interferência prejudicial e não pode causar interferência em sistemas devidamente autorizados. Este produto está homologado pela ANATEL, de acordo com os procedimentos regulamentados pela Resolução 242/2000, e atende aos requisitos técnicas aplicados. Para maiores informações, consulte a site da ANATEL: www.anatel.gov.br Philips жəне Philips қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V.