Құлаққап 2000 қатары TAT2236 Пайдаланушы нұсқаулығы Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады: www.philips.
Мазмұны 1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2 Есту қауіпсіздігі Жалпы ақпарат 2 2 2 Шынымен сымсыз құлаққап 3 3 Іске кірісу 5 Қораптағы заттар 3 Басқа құрылғылар 3 Шынымен сымсыз құлаққапты шолу 4 Батареяны зарядтау Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен алғаш рет жұптастыру Құлаққаптарды басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру 4 Құлаққапты қолдану Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына жалғау Қуатты қосу/өшіру Қоңырауларды жəне музыканы басқару ЖШД индикаторының күйі Дауысты көмекші 5 Құлаққаптарды бастап
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары Есту қауіпсіздігі Қауіп Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау уақыты соғұрлым қысқа болады. Құлаққаптарды қолданған кезде, мына нұсқауларды сақтаңыз. • Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз. • Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс деңгейін жоғарылата бермеңіз.
2 Шынымен сымсыз құлаққап Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/support. Осы шынымен сымсыз Philips құлаққабымен мына мүмкіндіктерге қол жеткізесіз: • сымсыз хендсфри режимінде қоңырау шалу жəне қабылдау; • сымсыз режимде музыка тыңдау жəне оны басқару; • қоңыраулар мен музыка арасында ауысу.
Шынымен сымсыз құлаққапты шолу 1 2 3 4 5 ЖШД индикаторы (құлаққаптар) Көп функциялы түйме Микрофон ЖШД индикаторы (зарядтау қорапшасы) USB-C зарядтау ұясы 4 KZ
3 Іске кірісу Батареяны зарядтау Ескертпе Құлаққаптарды алғаш рет қолданудан бұрын, батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі оңтайлы болуы үшін құлаққаптарды зарядтау қорапшасына салып, батареяны 2 сағат зарядтаңыз. Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін түпнұсқалы USB-C зарядтау кабелін ғана қолданыңыз. Құлаққаптарды зарядтаудан бұрын қоңырауды аяқтаңыз, себебі құлаққаптарды зарядтау үшін жалғаған кезде, олар өшіріледі.
Төмендегі мысалда құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен жұптастыру жолы көрсетілген. Bluetooth құрылғысының Bluetooth функциясын қосып, мынаны таңдаңыз: Philips TAT2236. Сұралған жағдайда «0000» (4 нөл) құлаққап құпиясөзін енгізіңіз. Bluetooth 3.0 немесе одан кейінгі нұсқаны қолдайтын Bluetooth құрылғыларында құпиясөзді енгізу қажет емес.
4 Құлаққапты қолдану Құлаққаптарды Bluetooth құрылғысына жалғау Bluetooth құрылғысының Bluetooth функциясын қосыңыз. Қуатты қосу/өшіру Қызмет Көп функциялы түйме Əрекет Құлаққаптарды қосу Зарядтау қабының қақпағын ашу Құлаққаптарды өшіру Құлаққапты зарядтау қорапшасына қайта салып, қақпақты жабу Зарядтау қорапшасының қақпағын ашыңыз. Көк ЖШД жыпылықтайды. Құлаққаптар соңғы жалғанған Bluetooth құрылғысын іздейді де, оған автоматты түрде жалғанады.
Қоңырауларды басқару Зарядтау қабының Көп функциялы түйме Əрекет Тұтқаны көтеру Оң/сол құлаққап Бір рет түрту Тұтқаны қою Оң/сол құлаққап Түртіп, ұстап тұру 3 тарапты қоңырау кезінде қоңырауды ауыстыру Оң/сол құлаққап Үш рет түрту Қызмет Индикатор батарея деңгейі Ашық сары ЖШД индикаторының күйі Құлаққап күйі Индикатор Құлаққаптар Көк ЖШД Bluetooth жыпылықтайды құрылғысына Ақ ЖШД сөнеді Bluetooth құрылғысындағы батареяның ЖШД индикаторы Құлаққаптар жалғанғаннан кейін Bluetooth құры
5 Құлаққаптарды бастапқы қалпына келтіру Кез келген жұптастыру немесе жалғау мəселесі туындаса, төмендегі процедураны орындап, гарнитураны бастапқы қалпына келтіруге болады. Bluetooth құрылғысында Bluetooth мəзіріне кіріп, құрылғылар тізімінен Philips TAT2236 құрылғысын алып тастаңыз. Bluetooth құрылғысының Bluetooth функциясын өшіріңіз. Екі құлаққаптағы түймелерді бір рет басып, одан кейін 5 секунд басып тұрыңыз.
6 Техникалық деректер Музыка ойнату уақыты: 6 сағат Сөйлесу уақыты: 6 сағат Күту режиміндегі уақыт: 200 сағат Зарядтау уақыты: 2 сағат Əр құлаққапта 50 мА·сағ литий-ион батареясы, зарядтау қорапшасында 410 мА·сағ литий-ион батареясы Bluetooth нұсқасы: 5.
7 Құлақтандыру Сəйкестік мəлімдемесі Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com. Ішкі батареяны шешіп алу Еліңізде электрондық өнімдерді жинау/қайта өңдеу жүйесі болмаса, құлаққапты қоқысқа тастаудан бұрын, батареяны шешіп алып, оны қайта өңдеуге тапсыру арқылы қоршаған ортаны қорғай аласыз.
ЭМӨ талаптарына сəйкестік Осы өнім электрмагниттік өрістердің əсер етуіне қатысты барлық тиісті стандарттар мен ережелерге сəйкес келеді. Қоршаған ортаға қатысты ақпарат Қажетсіз қаптама материалдарын қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон (қорап), көбікполистирол (аралық қабат) жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік материал). Жүйеңіз мамандырылған компания бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болатын материалдардан тұрады.
CAN ICES-3(B)/NMB-3(B) Канада Өнеркəсіп министрлігінің сəулелену əсеріне қоятын талаптарына қатысты мəлімдеме: Осы жабдық Канаданың бақыланбайтын орталардағы сəулелену əсеріне қоятын шектеулеріне сəйкес келеді. Осы таратқышты кез келген басқа антеннамен немесе таратқышпен бір жерге орналастыруға немесе бірге жұмыс істетуге болмайды.
8 Сауда белгілері Bluetooth Bluetooth® сөз белгісі жəне логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. компаниясының меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы мұндай белгілерді кез келген жерде лицензия бойынша қолданады. Басқа сауда белгілері мен сауда атаулары тиісті иелерінің жеке меншігінде. Siri Siri — Apple Inc. компаниясының АҚШ-та жəне басқа елдерде тіркелген сауда белгісі. Google Google жəне Google Play — Google LLC. компаниясының сауда белгілері.
9 Жиі қойылатын сұрақтар Bluetooth құлаққаптары қосылмайды. Батарея заряды аз. Құлаққаптарды зарядтаңыз. Bluetooth құлаққаптарын Bluetooth құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес. Bluetooth функциясы өшірілген. Bluetooth құрылғысында Bluetooth функциясын іске қосып, Bluetooth құрылғысын құлаққаптардан бұрын қосыңыз. Жұптастыру жұмыс істемейді. • Құлаққаптардың екеуін де зарядтау қорапшасына салыңыз. • Бұрын жалғанған барлық Bluetooth құрылғыларының Bluetooth функциясын өшіргеніңізге көз жеткізіңіз.
Philips жəне Philips қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V. компаниясының тіркелген сауда белгілері жəне олар лицензия бойынша қолданылады. Бұл өнімді MMD Hong Kong Holding Limited немесе оның еншілес компанияларының бірі өндірген жəне соның жауапкершілігімен сатылады, сондай-ақ MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы өнімнің кепілгері ретінде əрекет етеді. UM_TAT2236_00_KZ_V1.