operation manual

Маңызды1
Қауіпсіздік
Ескерту
Мына қауіпсіздік белгілері
туралы біліңіз
Бұл «найзағай» жиынтығыңыздағы
оқшауланбаған материалдың электр тоғының
соғуына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Үй
шаруашылығыңыздағы адамдардың қауіпсіздігі
үшін өнімнің қақпағын шешпеңіз.
«Леп белгісі» пайдалану және техникалық
қызмет көрсету мәселелерін болдырмау үшін
қоса берілген әдебиетті мұқият оқып шығу
керектігіне назар аударады.
ЕСКЕРТУ: Өрт немесе электр тоғының соғу қаупін
азайту үшін бұл аппаратқа жаңбыр немесе ылғал
әсер етпеуі керек және оған вазалар сияқты
сұйықтық толтырылған заттарды қоймау керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Электр тоғының соғуын
болдырмау үшін ашаның кең жүзін кең ұяға
сәйкестендіріңіз, толығымен салыңыз.
Осы құрылғы корпусын алып тастауға
болмайды.
Осы құрылғының ешбір бөлігін майлауға
болмайды.
Осы құрылғыны басқа электр жабдықтың
үстіне қоюға болмайды.
Осы құрылғыны тікелей күн сәулелерінен,
ашық жалыннан немесе жылудан аулақ ұстау
керек.
Осы құрылғының ішіндегі лазер сәулесіне
ешқашан қарамаңыз.
Осы құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін
қуат кабеліне, ашаға немесе адаптерге
әрқашан оңай қол жеткізе алатыныңызға көз
жеткізіңіз.
Осы құрылғыны судың жанында
пайдаланбаңыз.
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес
орнатыңыз.
Радиаторлар, жылытқыштар, пештер
немесе жылу шығаратын басқа аппараттар
(соның ішінде күшейткіштер) сияқты жылу
көздерінің жанына орнатпаңыз.
Қуат кабелін басып кетуден немесе оның
қысылып қалуынан, әсіресе ашаларда,
розеткаларда және олардың аппараттан
шығатын жерін де сақтаңыз.
Өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
аксессуарларды ғана қолдануға болады.
Өндіруші көрсеткен немесе аппаратпен бірге
сатылатын арбамен, тіреуішпен, штативпен,
кронштейнмен немесе үстелмен ғана
пайдаланыңыз.
Арбаны пайдаланған кезде аударылып кетуден
жарақат алмас үшін арбаны/аппарат
комбинациясын жылжытқанда назар аударып
пайдаланыңыз.
Осы құрылғыны найзағай кезінде немесе
ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған кезде электр
желісінен ажыратыңыз.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті
қызмет көрсету мамандарына тапсыру қажет.
Құрылғы кез келген жолмен зақымдалғанда,
мысалы, қуат көзінің кабелі немесе ашасы
зақымдалғанда, сұйықтық төгілгенде немесе
құрылғыға заттар түсіп кеткенде, құрылғы
жаңбырға немесе ылғалға ұшырағанда,
қалыпты жұмыс істемесе, немесе түсірілген
жағдайда қызмет көрсетілу жұмыстары қажет.
Батареяны пайдалану туралы ескерту ―
Дене жарақатына, мүліктің зақымдалуына
немесе қашықтан басқару құралының
зақымдалуына әкелуі мүмкін батареяның
ағуын болдырмау үшін:
Батареяны қашықтан басқару құралында
көрсетілгендей «+» және «-» полюстерін
дұрыс орнатыңыз.
Батареяларды (ескі және жаңа немесе
көміртек пен сілтілі, т.б.) араластырмаңыз.
Қашықтан басқару құралы ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаған кезде батареяны
шығарыңыз.
Батареяға күн сәулесі, от немесе сол сияқты
шамадан тыс қызу әсер етпеуі керек.
Аппаратқа сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды.
Аппаратқа ешбір қауіп көздерін қоймаңыз
(мысалы, сұйықтық толтырылған заттар,
жанып тұрған шамдар).
Ажырату құрылғысы ретінде қуат ашасы
немесе аспап қосқышы пайдаланылса,
ажырату құрылғысы жұмыс істейтін күйінде
қалуы керек.
KK