User manual

95

1 Құрылғыны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2 Қырыну құралын теріде жылжытыңыз. (Cурет 9)
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін құралды теріде айналма қозғалыспен
жылжытыңыз.
3 Құрылғыны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Жақсырақ қырыну нәтижелеріне қол жеткізу үшін, осы ұстараны қырыну
көбігімен немесе қырыну гелімен қолдануға болады.
Қырыну көбігімен немесе гелімен қырыну үшін, төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1 Теріні біраз сулаңыз.
2 Теріге қырыну көбігін немесе гелін жағыңыз.
3 Қыру бөлігінің тері бетімен оңай сырғуы үшін, оны ағынды сумен
шайыңыз. (Cурет 10)
4 Құрылғыны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
5 Қырыну бөлігін тері бетімен жүргізіңіз. Айналдыра жүргізіңіз (Cурет 9).
Терінің бетімен оңай сырғуы үшін, қырыну бөлігін ағынды сумен қайта-қайта
шайып тұрыңыз.
6 Бетті кептіріңіз және әрбір қырынудан кейін жеткілікті мөлшердегі
сумен қырыну бөлігін мұқият шайыңыз. Қырыну бөлігінен барлық көбікті
немесе қырыну гелін міндетті түрде шайып тастаңыз (сондай-ақ,
9-тарауды қараңыз).

- Бұл сақал сәндегіш саптаманы тек беттегі түкті сәндеу үшін қолданыңыз.
Бұл саптаманы денедегі түкті немесе бастағы шашты сәндеу үшін
қолданбаңыз. Құрылғының басқа саптамалары түктің арнайы түріне
арналған және беттегі түк денедегі түктен немесе бастағы шаштан бөлек
болады (Cурет 11).
Қауіпсіздік шараларына байланысты құрылғы тікелей электр розеткасынан
жұмыс істемейді.
