User Manual

Жұмысты бастау
5
Қазақ тілі
Күй Түсі
Bluetooth арқылы
қосылған
•
Үш рет көк түспен жылдам жыпылықтайды
Кіріс қоңырау
•
Көк түспен жыпылықтайды
Зарядталуда
•
Үздіксіз қызыл жарық
Толық
зарядталды
•
Үздіксіз жасыл жарық
Пайдаланылу
кезінде немесе
күту режимінде
•
Өшірулі
Батареяны ауыстыру
Құлақаспапты алғаш рет пайдаланбас бұрын немесе оны ұзақ уақыт пайдаланбағанда,
алдымен батареясын зарядтаңыз.
Samsung компаниясы бекіткен зарядтау құрылғыларын (5 В / 700 мА шамасынан
жоғары) және кабельдерін ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген зарядтағыштар мен
кабельдер батареяның атылуына немесе құлақаспаптың зақымдалуына себеп
болуы мүмкін.
•
Құлақаспапты зарядтағышпен (бөлек сатылады) зарядтауға болады.
•
Компьютер сияқты зарядтағыштан басқа қуат көзін пайдалансаңыз, төмен
электр тогы себебінен зарядтау баяу жүруі мүмкін.
•
Құлақаспапты зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ оның толық
зарядталуы үшін ұзақ уақыт кетеді.
•
Зарядтау кезінде құлақаспап қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай болып
табылады және құлақаспаптың қызмет ету мерзімі мен өнімділігіне әсер етпеуі
керек. Егер батарея әдеттегіден қатты қызып кетсе, зарядтағыш зарядтауды
тоқтатуы мүмкін.
•
Құлақаспап дұрыс зарядталмаған жағдайда, құлақаспап пен зарядтауышты
Samsung қызмет көрсету орталығына апарыңыз.