User Manual

10
Қазақ тілі
Құлақаспапты пайдалану
Құлақаспапты тағу
Құлақаспаптың құлаққаптарында магниттер бар. Америкалық кардиологиялық
қауымдастық (АҚШ) және Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді реттеу
бойынша агенттік (БК) магниттердің имплантталған кардиостимуляторлар,
кардиовертерлер, дефибрилляторлар, инсулин сорғылары не басқа да
медициналық электр құрылғылардың (“Медициналық құрылғы” деген ортақ
атауға ие) жұмысына деген 15 см (6 дюйм) диапазонындағы әсері туралы
ескертеді. Егер сіз осы медициналық құрылғылардың кез келгенін пайдаланып
жатсаңыз, ДӘРІГЕРІҢІЗДЕН КЕҢЕС АЛМАЙ ҚҰЛАҚАСПАПТЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
•
Құлақаспапты магнитті өрістер жанында сақтамаңыз. Магнитті жолақты
карталар, оның ішінде несие карталары, телефон карталары, банк есепайырысу
кітапшасы және қону талоны магнитті өрістер әсерінен бүлінуі мүмкін.
•
Құлақаспапты қатты майыстырмаңыз немесе бүктемеңіз
•
Құлақаспапты қатты күшпен баспаңыз.
•
Құлақаспаптың кез келген бөлігін қатты тартпаңыз.
Құлақаспапты тағу
Құлақаспапты мойныңызға тағып, құлаққаптарды құлағыңызға салыңыз.