User Manual

Құлақаспапты пайдалану
13
Қазақ тілі
Samsung Level қолданбасын пайдалану
Қосылған құрылғыда Samsung Level қолданбасын Google Play дүкенінен немесе Galaxy
Apps дүкенінен жүктеп алыңыз. Қолданбаны пайдаланып қалған батарея қуаты мен
дыбыс деңгейін тексеруге болады. Қосылған құрылғыға хабарландырулар келгенде,
құлақаспап дыбыстық хабарландыру не дірілдеу арқылы сізге хабар беретіндей етіп
баптауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін қолданбаның анықтама мәзірін қараңыз.
Samsung Level қолданбасы Android 4.2.2 операциялық жүйесі не кейінгі
нұсқаларымен жұмыс істейтін Samsung мобильді құрылғыларымен үйлесімді.
Қосылған құрылғы немесе операциялық жүйеге байланысты кейбір мүмкіндіктер
құлақаспапта басқаша болуы мүмкін не жұмыс істемеуі мүмкін.
Белсенді түймесін пайдалану
Белсенді түймесін бірінші рет басқанда,
Bixby
немесе
S Voice
сияқты дауысты тану
қолданбасы автоматты түрде іске қосылады.
Бапталған мүмкіндіктерді іске қосу үшін Белсенді түймесін басыңыз.
Bixby
немесе
S Voice
сияқты дауысты тану қолданбасын іске қосу үшін Белсенді түймесін
басып тұрыңыз.
Bixby
немесе
S Voice
орнатылмаса, әдепкі дауысты тану қолданбасы іске
қосылады.
Samsung Level
қолданбасымен
Сағат
,
Таймер
,
S Health
немесе
Диктофон
сияқты түрлі
мүмкіндіктерді іске қосу үшін Белсенді түймесін баптауға болады.
Белсенді түйме мәзіріндегі Дауыс жазу мүмкіндігі тек Samsung мобильді
құрылғыларында қолжетімді. Дауыс жазу мүмкіндігі Белсенді түйме мәзірінде
пайда болмаса, Дауыс жазу мүмкіндігін Galaxy Apps немесе Play Store дүкенінде ең
соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
Құрылғыны жаңарту
Құрылғыны соңғы бағдарламалық жасақтамаға дейін жаңартуға болады.
Сымсыз жаңарту
Құрылғыны ең соңғы бағдарламалық жасақтама нұсқасына дейін сымсыз
микробағдарлама (FOTA) қызметі арқылы жаңартуға болады.
Samsung Level
тізімінде
Басқа
Samsung U Flex туралы
Samsung U Flex
бағдарламасын жаңарту
OK
тармағын таңдаңыз.