User Manual

Қосымша
16
Қазақ тілі
Дыбыс сапасы нашар
•
Сымсыз желі қызметтері байланыс операторының желісіндегі ақаулықтарға байланысты
өшірілуі мүмкін. Құлақаспапты электр магнитті толқындардан аулақ ұстаңыз.
•
Құлақаспабыңыз бен екінші Bluetooth құрылғысы максималды Bluetooth аясында
(10 м) болуын қамтамасыз етіңіз.
•
Қосылған құрылғының дыбыс деңгейіне байланысты дыбыс төмендеуі немесе шу
естілуі мүмкін. Бұл жағдайды болдырмау үшін, қосылған құрылғының дыбыс деңгейін
сәйкесінше реттеңіз.
Құлақаспап осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқаша жұмыс
істейді
•
Қолжетімді мүмкіндіктер қосылған құрылғыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
•
Құлақаспапқа бір уақытта екі құрылғы қосылғанда кейбір мүмкіндіктер
пайдаланылмайды.
Алғаш сатып алған кезге қарағанда батарея тез таусылады
•
Құлақаспап немесе батарея өте суық не өте ыстық температура әсеріне ұшырағанда,
жарамды заряд азаюы мүмкін.
•
Батарея қуаты тұтынылады және уақыт өте жарамды заряд азая береді.