User Manual

54
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде
сақтамаңыз. Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура
арасында пайдалану ұсынылады
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз
немесе жөндемеңіз
Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер
өндірушінің кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға қызмет
көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung қызмет көрсету
орталығына алып барыңыз.
Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан,
құрылғыны немесе батареяны бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Өзіңізді не басқаларды жарақаттап немесе құрылғыны
зақымдап алмау үшін құрылғыны пайдалану алдында
құрылғы туралы қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз.
Кейбір мазмұн құрылғыңыз үшін қол жетімді болмауы
мүмкін.
Қуат сымын ылғал қолмен ұстамаңыз немесе
зарядтағышты қуат сымын тартып ажыратпаңыз
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды,
зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және
жабдықтарды пайдаланыңыз
Құрылғыны түсіріп немесе соғып алмаңыз
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды
пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе
жоғары қысымды контейнерлердің жанында не ішінде
сақтамаңыз